ИМАН

ИМАН

1400
1 мин
ИМАН

Ертерете шағын ғана ауылда әл-ауқатты қарт пен қария өмір сүріпті. Шалы татардан оқыған оқымысты молда екен. Екеуі септесіп азғана мал ұстап өмір сүріпті. Қартайғанда сүйеніш боларлық балалары болмапты.  Қыста түс ауа екеуі қатар шығып малдарын жайлап қорасын бекітіп жүреді екен.

Сол маңда неше рет  ұсталсада ұрлығын мойындамайтын баукеспе болыпты. Әлгі ұры молданың төргі үйінде тұратын абдыраны көздеп жүрсе керек. Бір күні  ұры молданың үйінің тұсынан өтіп бара жатса қораның есігі ашық буы бұрқырап жатады. Ұры күндегідей шал мен кемір қорада жүр деп ойлап атын таққа байлай салып үйге кіріп кетеді. Оны көзі шалып қалған кемпір де асыға үйге кіріпті. Молда намаз оқып тұрыпты. Ұры абдыраға енді жете бергенде үйге кірген кісінің дыбысын естіп сасқалақтап  молданың артына намаз оқыған сыңай танытып тұра қалыпты. Кемір абдыраға жақындап ұрыға құлақ салса

Ұры:

"Атымды байладым таққа,

Жүзімді бұрдым Хаққа.

Молда да, сыбыр-сыбыр,

Мен де сыбыр-сыбыр"-деп оқып тұр екен.

- Ұрлық жасаймын деп кіріп, намаз оқып шыққан ұры иманы оянып дін ұстанған екен.Өмірде болған оқиға деседі. Біздің супер ұрылардың "Иманы" неге оянбайды екен деймін.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс