Құлазу, жалғыздық, қайғыру, қуану, үміт, қауіп, күдік, қорқу, шаттану, мастану, тәубе, мүләйімсу, болу, көріну және т.б. сияқты 140 хәл Иасауи ілімінде 70 мақаммен анықталады.
70 мақам Алла мен адам арасындағы 70 мың пердені аралауға, түруге, тануға деген ішкі рухани тәжірибе. Бәрі адамның өзін зерттеуге, тануға арналған акциялар.
Сопы өзін құтқару үшін тек Алламен үндесуді мұрат етеді. Сопылық танымда “ махди келіп құтқарады” деген сенім де, ұстаным да жоқ. Себебі ондай ұстаным құранда болмаған. Ал исламда бар…
Себебі исраилия деген ақиқат бар: “әсер-кері әсер” арқылы иахудиліктен, христиандықтан, зороастризмнен енген. Бізде де соған сенетін мұсылман қабаты бар. Олар әр дәуірде бір “мәхди” жариялап келген…
Ислам тарихында ондай мәді саны 1500 жуықтапты…
Кеше дардай тарихшы, Путин Алланың, ал Зеленский шайтанның рөлінде соғысып жатыр деді. Теологиядағы Алланың Құдіретті, Кемел сипатын да ұмытып кетіпті. Жалпы Махди күтіп жүргендер, “саяси ислам” жақтастары. Оларда ішкі еркіндік емес, саяси сыртқы билікке жету мұрат.
Таза сопылық саясатпен шаруасы жоқ. Оның мұраты Дидар ғана. Сондықтан Иасауи бабамыз, хикметін тек “ дидар талаптарға” арнаған…
Досай КЕНЖЕТАЙ