ФАРИДДИН АТТАРДЫҢ ЖАЗБАЛАРЫНАН

ФАРИДДИН АТТАРДЫҢ ЖАЗБАЛАРЫНАН

445
1 мин
ФАРИДДИН АТТАРДЫҢ ЖАЗБАЛАРЫНАН

Ибрагим бірде: “Дүниеден кесіліңдер де, Құдаймен достасыңдар,-деп кеңес берді. Байлықтарыңды түйіп тастаңдар да, тілдеріңді байлаңдар. Үндемей жүріңдер де жиі садақа беріп тұрыңдар,”-деді.

***

Ибрагим бірде: “Ұйқыны азайтып, түннің көп бөлігінде ояу бол, байлығыңды кедейлікке ауыстыр, сән-салтанатыңды қарапайымдылыққа ауыстыр, мейрампаздығыңды еңбекқорлықпен ауыстыр, олай етпейінше әулиелердің жанында бола алмайсың,”-деді.

***

Мына алты қағидаға сүйену арқылы әулиелікке жетуге болады, олар мыналар:

1.Құдайға қарсы күнә жасардан бұрын, алдымен Оның ризығынан тиылып ал.

2.Күнә жасауға ниет еткеніңде, алдымен Оның патшылығынан басқа жаққа кетіп қал.

3.Құдай көрмейтін жерде күнә жаса.

4.Жан тапсырар алдында ажал періштесінен жасаған күнәларыңа кешірім сұрау үшін тағы біраз уақытқа мүмкіндік сұрап көр.

5.Жерлеп бола салысымен жаныңа келіп, сұраққа алатын Мүңкір-Нәңкірдің істеген амалдарыңа жауап алуына мүмкіндік берме.

6.Сізді тозаққа қарай жіберсе, одан бас тартыңыз. Егер сіз осы алты қағиданы орындай алмайтын болсаңыз, ешқашан күнә жасамаймын деп ант қабылдаңыз.

 

Фариддин Аттар "Тазкират ул-аулия"

аударған Жүрсін Кәрім

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс