ЕСЕКТІҢ ДАУЫСЫ ЕСТІЛГЕНДЕ, ДӘРЕТ БҰЗЫЛА МА? (Тәмсіл)

ЕСЕКТІҢ ДАУЫСЫ ЕСТІЛГЕНДЕ, ДӘРЕТ БҰЗЫЛА МА? (Тәмсіл)

680
5 мин
ЕСЕКТІҢ ДАУЫСЫ ЕСТІЛГЕНДЕ,  ДӘРЕТ БҰЗЫЛА МА?  (Тәмсіл)

Ішіңізден "Бұны жазған адамның есі дұрыс па?! Есектің дауысының дәретінің бұзылуына қандай қатысы бар? Бәлкім жазатын ештеңе таппаған соң, іші пісіп жалығып құлаққа теуіп отыр"- дегендеріңізді естігендеймін.

Достар соңына дейін оқымай жатып әсте олай ойламаңдар. Жазатын тақырып жеткілікті, ішімде пысқан жоқ. Мен жай ғана жазбаға айрықша тақырып беру арқылы оқырманды қызықты бір әңгіме оқуға тартқым келді. Толық оқысаңыз бәрі белгіл болады, маған да ашуланбайсыз.

Енді арқаңызды кеңге салып тынышталып отырып, болса өзіңізге бір шыны шай немесе кофе құйып алып әңгіме тыңдаңыз.
Ораза ұстағандар үлкен бір құлшылықты атқару рақатын сезіне отырып қысқа жазбаны оқып ойланып, аз да болса езу тартайық.
Мырзалар, сұрақ мынау:

"Есектің дауысын естігенде, дәрет бұзыла ма?"
Сіз есектің дауысы дәретті бұзбайды,- дейсіз. Иә, бұл дұрыс жауап.
Бірақ бұзылған жағдайда болған көрінеді.
Былайша айтқанда "Есектің дауысы шыққанда, дәретім бұзылды" десе, өтірікші деп айыптамаңыз, түсіндіріп берейін.
Бұрын естігендер есіне түсірсін, жаңа естігендер аздап күлсін.
Оқиға былай екен;

Шалғайдағы бір ауылға жаңа тағайындалған имам ауыл адамдарының есектің ақырған дауысы шыққан сайын «дәретім бұзылды» деп дәретін қайтадан тазалап алып жатқанына бір неше рет куә болады. Ол адамдардың бұл қылығын бір түрілі түсіне алмады. Бір күні ауылдың басшысын оңаша шақырып алып: Маған өте түсініксіз, неліктен бұл ауыл тұрғындары есектің ақырған дауысы шыққан сайын дәрет алады?"– деп сұрайды.
Сонда ауыл басшысы: -

Жылдар бұрын ауылымызға бір имам тағайындалып келді. Ол: Егер есектің ақырған дауысын естісеңдер, дәретіңді жаңартыңдар,- деді. Содан бері есектің дауысын естеген сайын қайта дәрет аламыз.
Жаңа келген имам:

-Ондай болуға болмайды. Дінімізде ондай заңдылық жоқ, – деп, оқиғаның түп-төркінін, нақты себебін білуге кірісті.
Мән-жайды сұрастырса...

Біраз жыл бұрын бұл ауылда су жоқ болыпты. Тұрмыстық және ауыз суы алыстан есектер арқылы тасымалданады екен. Ауыл адамдары үйде су болмаса топырақпен яғни, діни тұрғыда «тәйәммүм» жасау жолымен дәрет алатынды.

Сол кездегі жаңа келген имам жағдайды біліп, бір уағызында жамағатқа: «Ауылда су болмаған соң, топырақпен дәрет аласың. Бірақ есектің ақырғанын естігенде, олардың су артып келе жатқанын білетіндіктен, таяммум дәретіңіз бұзылады. Өйткені бұл жағдай судың бар болғанын білдіреді...» деп үйретеді.

Дін мәселесін толық білетін имам дұрысын айтуы айтқан, бірақ имамды құлықсыз тыңдаған мешіт жамағаты бұл уағызды ауыл тұрғындарына толық жеткізбеген. «Имам есектің ақырғанын естісең, дәретің бұзылады деген...» -деп дәріптеген. Сол күннен бастап ауылдағылардың бәрі есектің дауысын естіген кезде қайта дәрет алатын үрдіс қалыптасқан екен.

Енді жаңа имам ауыл адамдарының бұл әдетін өзгерту үшін көп тырысуы керек, көөөөп!

«Есектің ақырған дауыс дәретті бұзбайтынын» жұртшылық жылдар өткен соң ғана түсінетіндей...

Ал енді әдеттегідей осы хиқаядан не қортылауға болатынына келейік.

1-Біріншіден, біз естіген нәрсенге алдын ала көзқарастарымыздан білдірмей тұрып шығу себебін анықтау керек. Яғни, біз естіген ақпаратты алдын ала жоққа шығармай тексеріп, соған сәйкес әрекет етсек. "Есектің үні дәретті бұзатын жағдайлар болуы мүмкін"

2- Әңгімені соңына дейін тыңдамай орасынан үзсек әрине қателесеміз. "Әр нәрсеге сабыр керек"

3- Оқиғадан алатын тағы бір сабақ – адамдар өздері жөн деп сенетін нәрседен, тіпті қате болса да бас тарту өте қиын. "Ауру қалса да әдет қалмайды"

Тағы да көп қортынды тәмсіл шығарыға болатындай , қымбатты достар. Бұл менің қолымнан келгені, қалғанын сіздер айтарсыздар.

Жәй ғана аздап жұмбақтай отырып езу тарттырып тәмсіл шығармақшы болдым. Артық кетсем айып етпеңіздер.
Аман болыңыздар…

Журналист Исмайл Айбейдің
мақаласын меңзей отырып
Tilek Hayirdin  2023.04.21

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс