Ертіс-Баян өңірінде ерекше діндарлығымен, дін жолына кіршіксіз берілгендігімен халық сеніміне ие болған қасиетті тұлға болушы әулие адамдар көп болған. Әулиелерлер деп-халық арасына ерекше діндар-тақуалығымен, шипа дарытқан емшілігімен әйгілі болған, керемет қасиетке ие, қауымға рухани тәрбие жүргізуші тұлғаларды айтамыз.
Қазақ халқының дүниетанымында әулиеге табыну дәстүрі ежелден бар. Әулиелер білімпаз діндарлығымен де, қарапайым ізгілігімен де халық жадында мәңгілік сақталған. Қазақ халқы, сондай-ақ, ел қорғаған батырларды, ұлт бірлігін сақтаған билерді, ақыл-парасатымен тұтас аймаққа үлгі болған аналарды Әулиелер қатарына қосып, олардың аруақтарына табынып келеді. Мәселен,Баянауыл жеріндегі «Қоңыр әулие» үңгірі.Халқымыздың нанымы бойынша, Қоңыр әулие үңгірі киелі орын деп саналған. Аңыздарға сүйенсек, Қоңыр әулие дүниежүзілік су тасқыны кезінде үңгірдегі су көзін ашқан, ал үңгір пайғамбардың аруағы паналайтын орынға айналған. Аңызда Нұх пайғамбардың кемесіне қазақтың үш әулиесі – Құлан, Қыран және Қоңырдың үлгермегені туралы айтылады. Бірақ үш әулие мойынсұнбай, үш бөренені байлап, кеменің ізіне түседі. Бір уақытта бөренелердің байлауы үзіліп, дауыл тасқынының салдарынан әулие аталар бір-бірінен айрылып, үш жаққа жаққа жүзіп кетеді. Дауыл аяқталғанда Қоңыр әулиенің бөренесі ақ жотаға келіп тіреледі. Әулие осында қалып, құзды үңгірде тұрақтап қалады. Қазақтар үңгірдегі қазанның суы ерекше шипалы деп санайды.Қазіргі таңда үңгір діни, киелі туризмнің танымал орны болып табылады.
Лекер қажы одан бөлек Лекер әулие Бекболатұлы оның ұрпақтары, оның баласы Исабай қажыны, одан туған Айтмағамбет диуана мен Әліш әулиені, Әліпбайдың дуанасы, Таймас әулие, Жанақ әулие Жаңабатырұлы,Екібастұз аумағында Жеміс әулие, інісі Аманбай әулие, Аманбайдан Дүйсен, Елубай, Тоқтыбай, Кенелбай қажы, Жақып молла, Соңғыбай молла, Шамығұл емші қатарлы аталардың аттары танымал, оларды халық қадір тұтады. Сонымен қатар Күреңбай сыншының мазары, Түйте әулие тасы, Әулиекөл көлі, Амандық сопы мазары, Қоңырбай халфе, Әбжәлап әулие мазары, Құрманбай абыз зираты, Қыз тамы, Мәстек абыз мазары, Шарбақты ауданында - Шақау молла мазары, Аққулы ауданында - Шоқман қожа мазары, Сары бәйбішенің жерленген орны және Ақсу қаласы аймағындағы Ақмола қорғаны, Тастеке (Таштенбек Қожаұлы) әулие зираты, Мерғалым қажы зираты,Май ауданында Қайса ата кесенесі, Аққулы ауданында Сары бәйбіше зираты, сынықшы, емші,Шоғман қажы Алдамжарұлының кесенесі, Әбубәкір хазірет бейіті қатарлы қадір тұтатын киелі де қасиетті орындар халық жадынан берік орын алған.
Осындай Павлодар өңірі төңірегінен өрбіген жүздеген білімдар адамдар халықты имандылық жолына ұйытып келген.