ЕРІНЕ ДЕГЕН СЕНІМ

ЕРІНЕ ДЕГЕН СЕНІМ

298
1 мин
ЕРІНЕ ДЕГЕН СЕНІМ

Өткен ғасырдың 90-жылдарының соңында Детройттегі электр компаниясында жас механик жұмыс істеді. Аптасына 11 доллар табатын ол күн сайын 10 сағаттан еңбек ететін. Үйіне келген соң да түн ортасына дейін сарайында отырып, жаңа типтегі қозғалтқыш ойлап табуға тырысатын.

Әкесі баласының бұл ісін бос әурешілік десе, көршілері оны есі ауысқан деп санады. Ешкім оның еңбегінен түк шықпайды деп сенді.

Ешкім… тек әйелі болмаса.

Әйелі оған түндер бойы қолдау көрсетті: сағаттап басынан керосин шамын ұстап тұратын. Қолы тоңып көгеріп, тісі сақылдап, әлсін-әлсін суық тиіп қалатын, бірақ… ол күйеуіне шексіз сенетін!

Жылдар өткен соң сарайдан ерекше дыбыс естілді. Көршілері жолмен атсыз жүріп бара жатқан арбаны көрді – ішінде баяғы «есі ауысқан» мен әйелі отырды. Сол адамның есімі – Генри Форд еді.

Фордтан бірде тілші сұхбат алып:

– Егер басқа өмір берілсе, кім болғыңыз келеді? – деп сұрағанда, данышпан қысқа ғана жауап берді:

– Кім болсам да бәрібір… Тек қасымда әйелім болса жеткілікті.

 

Суретте: Генри Форд пен әйелі Клара Джейн Форд

Орысшадан аударған – Мұрат Рақымжан

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс