ДІНІМІЗДЕ БІЛМЕУДІҢ ОРЫНДЫ УӘЖ САНАЛМАЙТЫН КЕЗДЕРІ

ДІНІМІЗДЕ БІЛМЕУДІҢ ОРЫНДЫ УӘЖ САНАЛМАЙТЫН КЕЗДЕРІ

966
2 мин
ДІНІМІЗДЕ БІЛМЕУДІҢ ОРЫНДЫ УӘЖ САНАЛМАЙТЫН КЕЗДЕРІ

Жәһаләт – білуге тиіс, үйренуге болатын нәрсені білмеу деген сөз. Жәһаләт, жалпы алғанда, үйренуге, білуге мүмкіндігі бар адамның үйренбеуі. Негізі, адамның өз еркімен ілім үйренуден бас тартуы (яғни қажетті діни мәліметтерді үйренбеуі), өз қалауымен надандықты таңдауы дегенді білдіреді. Мұндай хал-жағдай рухани жауапкершілік жүктейді.

Кімде-кім әлдебір мәселені білмесе және ол мәселеге қарсы (яғни өз білгенін) дау айтатын болса, онды ол өзінің білмейтінін де білмейді. Бұл жәһл мүрәккәп (еселенген надандық) деп аталады. Ал, адам білмесе және білемін деп дауласпаса, бұл жәһл басит (жай надандық) саналады.

Дінімізде надандық дәлелді орынды уәж санамайтын кездер мыналар:

* Aлла Тағаланы, Oның бірлігін, көркем сипаттарын және Расулуллаһтың (с.a.у.) пайғамбарлығын мойындамаушы адамның жәһаләты орынды уәжге жатпайтын надандық. Өйткені осынша нақты, айқын дәлелдердің алдындағы мұндай жәһаләт нағыз өркөкіректік, қырсықтық. Бұл жәһаләт ешқашан дәлелді себеп бола алмайды және кешірілмейді.

Ал, тек білу иманға жатпайды. Егер білу иман болса, әһли кітап ғұламаларының мүмин болуы керек еді. 

Мұсылманның дін негізі саналатын жайларды білмеуі иманына зиян келтіреді.

* Нәпсінің әуестігіне еріп, Алла Тағаланың сипаттарын, ақырет мәселесін жоққа шығарушылардың жәһаләты да дәлелді себеп саналмайды. Өйткені бұл сенім Кітап пен сүннеттегі дәлелдерге қайшы. Шапағатты, қабір азабын, Жәннатта Илаһи жамал арқылы құрметке бөленуді мойындамау осы қатарға жатады. Әдиллә шәрғийә, яғни дін мен шариғат үкімдеріне сүйенген дерек Кітап, сүннет, ижма және қияс фукаһаға қарсы сөйлеп, амал жасаған адамның жәһаләті ды осы қатардан. (Яғни орынды уәж ретінде қабылданбайды).

Әрбір мұсылман әһли сүннет негіздерін әрі амал ретінде өзі өкіл болған төрт мәзһабтың біріне сай қажетті діни мәліметтерді, яғни ғылымхалды үйренуге міндетті.

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс