Ағайын інім,немересінің шашын алдырып,
Кішігірім той берген.
Сол тойға келіп апа жездесіне тілегін айтып,жиеннен туған жиеншарының шашына құтты болсынын айтып отырған құда балаға,бір рулас ағасы әзілдеп;
"Сен осы апа жездеңнің үйінен шықпайсың осыларға" сатылып" жүрген жоқсыңба сволш" деп зілсіз әжуалады.
Сол кездегі құда баланың жауабы,Өзі ойдан шығарсада,жоқ біржерден оқып алсада, түсінгендерді құлатты деуге де болады;
"Аға сіздің үйге барсам жеңгемнің қабағы ашылмайды, соны көріп отырып сізде қатты ашыла алмайсыз.
Апамның үйіне келсем, апам күлімдеп күтіп алады, соны көрген жездемде күліп қарсы алады" дегенде жұрт ду етіп күлді.
Ағайынның арасын ашатын да, қосатын да әйел болғаныма?? Әлде Қазақ, өзін жездесінің үйінде сәл еркіндеу сезіне ме?
"Атасы бөлек аттан түс" деген ұғым адам сенбес ертегі боп қалдыма?
Кім не айтар екен??....
М. Кенжебаев. Бейнеу.