Бір жігіт, құрдастарының арасында сөйлеп отыр екен.
«Мен бойымдағы бар жаман әдетті өлтірдім,мен ащу,ыза, кек, өкпе реніш, дегенді ұмыттым.
Маған мансап,байлық керек емес,
Билікке жағынып өзіме жағдай жасау қажет емес,
Мен сабырлы болуды үйрендім, кешірімді болу мен момындыққа көштім.
Ол деген сондай керемет сезім, көкірегің босап, жеп жеңіл болып қаласың» деп шалқая бергенде, екінші бір құрдасы қолындағы ыдыстағы бар суды бетіне шашып жіберіпті.
Бұндайды күтпеген әлгі, атып тұрып
«Өй жындысыңба нах.., Ақымақ!! Аппақ жейдемді су су қылдың ғой б...я» деген екен.
Сонда су шашқан құрдасы
«Жоқ, сен бойыңдағы жаман әдеттер өлмеген, олар ұйқтап жатқан, соларың бар жоғы бір стакан суға оянып кетті» деген екен.
Сол сияқты кейбір ел алдында періште болып өтірік мүләйімсіп, ар жағында ішкі есеппен жүргендерге шын бейнесін көрсетердей шашып жіберетін су немесе у болса шіркін....
М.Кенжебаев. Бейнеу.