БЕСІККЕ САЛУ

БЕСІККЕ САЛУ

581
2 мин
БЕСІККЕ САЛУ

"Кең жайлау жалғыз бесік жас балаға".

БЕСІК - баланың ұйықтауына, таза болуына өте ыңғайлы жасалған. Бесікке ауылдың өнегелі, ұрпағы өсіп-өнген, ел құрмеиіне бөленген бәйбішеге салғызады. Баланы бесік жырын айта отырып бөлейді.

Әй-әй бөпем, әй бөпем.

Ән айтайын, бал бөпем.

Ән тыңдағың келсе егер,

Және айтайын, жан көкем...

Бөпем менің ай ма екен?

Шекер ме екен, бал ма екен?

Ойнақтап бір бәйгеден

Озып келер тай ме екен?!

Тас бұлақтар тауда екен,

Жас құрақтар сайда екен.

Көлбең-көлбең ұшатын

Көбелектер қайда екен?!

Әлди, әлди, шырағым,

Көлге біткен құрағым.

Жапанға біткен тірегім,

Жаман күнде керегім!..

Қолымыздан іс алып,

Мойынынан күш алып,

Бізді бағар ма екенсің?

Құрығыңды майырып,

Түнде жылқы қайырып,

Жігіт болар ма екенсің?

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің?

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Ұста болар ма екенсің?

Таңдайларың тақылдап,

Сөйлегенде сөз бермей,

Шешен болар ма екенсің?

Кең балағың түріскен,

Ұлы топта күрескен

Палуан болар ма екенсің?

Бал қайнатып, шай ішкен,

Қазы кертіп, жал жеген,

Асты болар ма екенсің?

Ұзақ жасап, көбірек,

Басты болар ма екенсің?

Қарағай найза қолға алып,

Жауға тиер ме екенсің?

Қуып ойдын жетегін,

Біліп ғылым тетігін,

Ғалым болар ма екенсің?

Еңбек етіп бар елге,

Өнеріңмен әлемге

Мәлім болар ма екенсің?

Көп қиыннан өтерсің,

Мақсатыңа жетерсің.

Ұйықтай қойшы, бөпешім!

Жарас Кабишевтің фб парақшасынан

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс