Бір күні Баязит Бистами әулиеден:
"Лә иләһа иллаллааһ" - жәннаттың кілті",- деген хадисті қалай түсінесіз?",- деп сұрайды, ол былай деп жауап береді:
-Хадис сахих, бірақ сол кілттің тістері болмаса, ашылмайды.
Жәннаттың кілті болған - Лә иләһа иллаллааһ (Алладан басқа тәңір жоқ) сөзі болса, мына төрт нәрсе соның тістері:
"1.Жалған және ғайбат айтпаған тіл,
2.Алдамайтын және қиянат жасамайтын жүрек,
3.Күмәнді және харам нәрселерді жемейтін асқазан,
4.Бидғат және нәпсінің қалаулары араласпаған салих амал",- деп жауап беріпті.
(Дайындаған Қуат Қабдолда)