БАУЫРЖАН ӘЛИ ҰСТАЗДЫҢ ЖАЗБАЛАРЫ...

БАУЫРЖАН ӘЛИ ҰСТАЗДЫҢ ЖАЗБАЛАРЫ...

1281
11 мин
БАУЫРЖАН ӘЛИ ҰСТАЗДЫҢ  ЖАЗБАЛАРЫ...

ҚҰРАН ОҚУ...

Ғұлама, имам Бәйһақи (Алла оны рақымына бөлесін) сахаба Осман ибн Аффанның (Алла оған разы болсын) былай деп айтқандығын риуаят етеді.

"Егер жүрегіміз тазарса Раббымыздың кәламына (яғни Құран Кәрім оқуға) тоймас еді. Өз басым Құран Кәрімге назар салмай бір күнімнің өтуін қаламаймын".

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

БАҚЫТ ҚАЙДА?...

Хамид әл-Ләффаф (Алла оны рақымына бөлесін) былай деген.

"Төрт нәрсенің жолын қате ойлап, кейін дұрысын таптық.

1. Байлық дүние жинауда деп ойлап едік, сөйтсек нағыз байлық қанағатта жатыр екен.

2. Жан тыныштығы бай-қуатты тұруда деп ойласақ, керісінше, мал-мүліктің азында екен.

3. Қызық-ләззатты нығметтерден іздеп жүрсек, ол деннің саулығында екен.

4. Ризық-несібені жердің бетінен іздеп жүрсек, оның кілті аспанда екен".

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

СҰРАСАҢ АЛЛАДАН СҰРА....

Лұқман хәкім баласына былай деп өсиет айтқан екен.

"Уа, балам! Ең ащыны да жеп көрдім. Сабырдың да дәмін талай татып көрдім. Бірақ "кедейліктен" артық ащыны көрмедім. Қандай да бір мұқтаждыққа тап болсаң ешкімге тіс жарып "мұқтаждығыңды" айтпа! Айтсаң қадіріңді түсіреді.

Сондықтан тек Алладан сұра! Алладан сұрап, сұрағаны берілмеген жан бар ма? Әлде әлдекім дұға қылып, дұғасы қабыл болмай қалған шақ бар ма? Әлде жалбарынып мінәжат қылғанның, басына түскен қиындықтан құтылмаған сәт бар ма?".

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

ТАРАЗЫ

Базарға барып жүріп талай мәрте байқаған боларсыз... Маған бір келі ет өлшеп жіберіңіз дейсіз өзіңізге ұнаған майлы жамбасты не бел омыртқаны нұсқап. Сатушы сіз нұсқаған етті сылқ еткізіп таразыға тастай салды. Таразының тілдері ары-бері теңселіп біраз уақыт өз-өзіне келе алмай тұрады, дәл болу, әділ болу оңай дейсіз бе?

Қадыр Мырза Әлі.

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

ҒИБРӘТНӘМӘ

Магнит

Сүйкімді болғанға, бауырмал болғанға, қамқоршы болғанға не жетсін!

Магнитті жұрт көбіне-көп осы қасиеттері үшін мақтайды.

Шынында да... Құлыпсың ба, кілтсің бе? Инесің бе, түйреуішсің бе? Тат басқан таға, шіріген шегесің бе? Бәрібір! Көрген жерде құшағын жайып қарсы алатыны рас. Бауырына басып, жанынан шығармайтыны тағы бар. Бірақ...

Еменбісің, қайыңбысың?! Шынармысың, шыршамысың? Қажетің жоқ! Гранит, мәрмәр, інжу-маржанның өзі шығарсың, мүмкін?! Бәрібір! Пысқырып та қарамайды. Тартпайды!

Магниттің бүкіл кеңдігі, бүкіл бауырмашылдығы, бүкіл рақымшылдығы тектестерімен ғана шектеледі. Әшейін ру басы тәрізді.

Ондай Магниттен Супержелімнің өзі артық! (Қадыр Мырза Әлі)

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

АЛҒАН БІЛІМ ПАЙДАЛЫ БОЛСЫН ДЕСЕҢІЗ...

Яһудилерде сексен сандық кітап жинап, бірақ сол білімнен пайда алмаған бір кісі болыпты. Сонда Алла Тағала сол замандағы пайғамбарға былай уахи етіпті.

"Әлгі кітап жинаушыға айт! Қанша көп жинасаң да мына үш нәрсені істемей білімің еш пайда бермейді.

1. Дүниені сүйме, ол мүміннің мекені емес.

2. Шайтанмен дос болма, ол мүміннің досы емес.

3. Ешкімге зарар берме, ол мүміннің ісі емес".

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

НАҒЫЗ МҰСЫЛМАН БОЛАМЫН ДЕСЕҢІЗ...

Ғұлама Мәлик ибн Динар (Алла оны рақымына бөлесін) былай деген екен.

"Нағыз мұсылман болуың үшін үш нәрсені үш нәрсемен қайтар.

1. Тәкаппарлықты кішіпейілділікпен.

2. Сараңдықты қанағатпен.

3. Қызғанышты насихатпен".

Жұмаңыз мүбарак болсын!

Жұма күнгі жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

НАСИХАТ...

Ғұлама-сопы Шақиқ әл-Балхи (Алла оны рақымына бөлесін) былай деген екен

"Бес нәрсені орындаңдар!

1. Қолдан келгенше Аллаға ғибадат етіңдер!

2. Дүниеден керектіні қанша өмір сүретіндеріңе қарап алыңдар!

3. Азабына шыдайтындарыңа нық сенімді болсаңдар күнә істей беріңдер.

4. Қабірде қанша көп болатындарыңа қарап дүниеде сауапты істерді сонша көп істеңдер.

5. Жәннаттың қандай дәрежесін қаласаңдар соған лайықты ізгі іс істеңдер".

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

КІМГЕ НЕ КЕРЕК?

Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар.

1. Құмарлықты мақсат тұтқанға әйел керек.

2. Есепсіз мал-мүлікті мақсат еткенге арам айла керек.

3. Мұсылмандарға пайда тигізуді мақсат еткенге, олармен араласу керек.

4. Ғибадатты мақсат еткенге білім керек.

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

ҒИБАДАТҚА ТАҒЫ ДА НЕ ЖАТАДЫ?

Даналардан қалған мынадай сөз бар екен.

"Төрт түрлі ғибадат бар.

1. Берген сертте тұру.

2. Шектен шықпау.

3. Жоққа сабыр ету.

4. Барға қанағат қылу".

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚАНДАЙ?

Кейбір хәкімдердің айтуынша иманның төрт нышаны бар. Олар:

1. Тақуалық

2. Ұят

3. Шүкірлік

4. Сабырлылық.

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

КІМ НЕНІҢ ҚАДІРІН БІЛЕДІ?..

Ғұлама Хатим ибн әл-Асам (Алла оны рақымына бөлесін) былай деген екен. Төрт нәрсенің қадірін төрт адам білер.

1. Жастықтың қадірін қарт білер.

2. Аман-саулықтың қадірін бәлеге ұшырағандар білер.

3. Денсаулықтың қадірін науқас білер.

4. Өмірдің қадірін өлілер білер".

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

ӨТЕ ҚЫСҚА ӘҢГІМЕ.

(Күнді күліп бастайық)

Әпенділігімен, ашкөздігімен аты шыққан Ашғаб бір әміршінің алдында әңгіме айтуға бел байлайды. Әміршіден рұқсат алып: "Ертеде бір кісі болған екен" деп әңгімені енді бастағанда көзі жайылып жатқан дастарханға түседі. Әңгіме айтуды жалғастырса, тамақтан құр қалатындығын аңғарып, дереу сөзін тоқтата қояды. Әмірші оған қарап: "Иә сонымен ары қарай не болыпты? Айта отыр" дейді.

Ашғаб әміршіге қарап: "Айтатын түгі жоқ. Ол өліп қалыпты" деген екен.

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

АЗЫ ДА КӨП...

Сахаба Әли (Алла оған разы болсын) былай деген екен.

Мына төртеудің азы да көп. Олар:

1. Ауру

2. Кедейлік

3. От

4. Дұшпандық".

Жұмаңыз мүбарак болсын!

Жұма күнгі жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

БЕКЗАТТЫҚ...

"Бекзаттық (кісінің) тегі немесе негізінен емес, ақыл жəне əдеппен жүзеге асады".

Сахаба Əли ибн Əбу Талиб (Алла оған разы болсын)

Қайырлы күн! Күндеріңіз сəтті өтсін!

ТЫШҚАН МЕН ТҮЙЕ (МЫСАЛ).

Ертеде інінен ұзақтап шыққан бір тышқан тұңғыш рет түйені көреді. Таңдана ұзақ қарайды. Түйе көңілінен шығады. Үйіне әкетуге бекінеді. Оған жақындап келіп жерде жатқан бұйдасын тартып көреді. Бұйдасынан жетелейді. Түйе де соңынан ереді. Тышқан түйені ініне ертіп әкеледі. Түйе ін есігінің кішілігіне бір қарайды. Өзінің денесіне бір қарап ұзақ ойланады. Тышқанға дауыстап: "Сен сүйіктіңе сай үй ал! Я болмаса өзіңе лайықты сүйікті тап!" деген екен.

Қысқасы, "әркім өзінің шамасын білгені дұрыс! Шамаңыз жетпеген іске аралассаңыз күлкіге қаласыз!".

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

ҚАЙҒЫДАН, МҰҢНАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ?

Даналар былай депті:

"Қайғы-мұңнан үш нәрсемен арылуға болады:

1. Алланы зікір етумен.

2. Алланың сүйікті құлдары, әулиелермен кездесумен.

3. Даналардың сөздерімен".

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

НАСИХАТ...

Сахаба Омар (Алла оған разы болсын) былай деген екен.

1. Адамдармен жақсы мәміле жасай алу – ақылдың жартысы.

2. Жақсы сұрақ қоя білу – білімнің жартысы.

3. Істі жақсы басқара алу – тіршілік етудің жартысы".

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

СҮЙІСПЕНШІЛІККЕ ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?

Сахаба Осман (Алла оған разы болсын) былай деген екен.

1. Кімде-кім дүниенің соңына түсуді қойса Алла оны жақсы көреді.

2. Кімде-кім күнәдан бас тартса, оны періштелер жақсы көреді.

3. Кімде-кім мұсылмандардың мал-мүлкіне сұқтануды қойса, оны мұсылмандар жақсы көреді"

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

КІМ ҚАЙДА БАРАДЫ?..

Тақуалардан қалған мынадай сөз бар.

"Кімде-кім күліп жүріп күнә қылса, Алла оны жылатып тозаққа кіргізеді. Ал кімде-кім Алла жолында жылап ғибадат етсе, Алла Тағала оны күлдіріп жәннатқа кіргізеді".

Жаратқан Жаббар Ием, сіз бен бізге жұмағына жетелейтін сауапты істер жасауды нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Қайырлы күн! Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

НАСИХАТ...

Сахаба Әбубәкір (Алла оған разы болсын) былай деген екен:

"Сегіз нәрсе сегіз нәрсенің әшекейі.

1. Кедейліктің әшекейі тілемсектіктен бойын тарту.

2. Нығметтің әшекейі шүкірлік ету.

3. Бәлекеттің әшекейі оған сабыр ету.

4. Білімнің әшекейі салмақтылық.

5. Шәкірттің әшекейі өзін төмен ұстау.

6. Алладан қорқудың әшекейі көп жылау.

7. Басқаға жақсылық жасаудың әшекейі міндетсінбеу.

8. Намаздың әшекейі қорқынышпен оқу».

Жасаған Жаббар Ием, бүгінгі жұма күні жасаған дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

НЕГЕ АСЫҒУ КЕРЕК?..

Ғұлама Хатим әл-Асам (Алла оны рақымына бөлесін) былай деген екен:

"Асыққан – шайтанның ісі. Тек мына бес жағдайда асығу - Пайғамбар сүннеті.

1. Келген қонаққа ас беруге.

2. Мәйітті аттандыруға.

3. Бойжеткен қыз баланы ұзатуға.

4. Қарызды қайтаруға.

5. Істелінген күнәға тәубе жасауға".

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

ҚАНДАЙ ІСТЕ ҚАЙЫР ЖОҚ?

Сахаба Әли (Алла оған разы болсын) былай деген екен.

1. Қорқу болмаған намазда қайыр жоқ.

2. Бос сөзден тыйылмаған оразадан қайыр жоқ.

3. Құранды мағынасына зер салмай оқудан қайыр жоқ.

4. Тақуалық болмаған білімнен қайыр жоқ.

5. Жомарттық болмаған байлықтан қайыр жоқ.

6. Сақталмаған туыс-бауырлықтан қайыр жоқ.

7. Тұрлаусыз нығметтен қайыр жоқ.

8. Ықылассыз жасалған дұғадан қайыр жоқ.

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

ЖАҚСЫ МҰСЫЛМАН БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ...

Сахаба Абдулла ибн Масғұд (Алла оған разы болсын) былай деген екен.

1. Алланың парыз еткенін орында, сонда адамдардың ішіндегі ең құлшылығы көбі боласың.

2. Алланың харам еткенінен тыйыл, сонда адамдардың ең тақуасы боласың.

3. Алланың берген несібесіне қанағат қыл, сонда ең бай адам боласың".

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

МІНӘЖАТ...

Әйгілі ғұлама , уағызшы Яхия ибн Муғаз әр-Рази (Алла оны рақымына бөлесін) былай деп дұға қылады екен.

"Уа, Раббым!

Саған мінәжат етпей түнімнің сәні болмайды.

Саған құлшылық етпей күндізімнің сәні болмайды.

Сені зікір етпей дүниемнің сәні болмайды.

Сенің жарылқауыңсыз ақыретімнің сәні болмас.

Сені көрмей жәннаттың сәні болмас".

Қайырлы күн!

Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс