БАЛДАҒЫ ХИКМЕТТЕР

БАЛДАҒЫ ХИКМЕТТЕР

1929
4 мин
БАЛДАҒЫ ХИКМЕТТЕР

 

 

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: عَلَيْكُمْ بِالشِّفَاءَيْنِ اَلْعَسَلِ وَالْقُرْآنِ. (هـ)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Сендерге екі шипаға кеңес беремін: Бірі бал, ал екіншісі Құран кәрім”. (Сүнән ибн Mажә)

Aлла Tағала былай дейді: “Содан кейін түрлі жемістермен қоректеніп (жиған қорегіңмен) Раббыңның сен үшін оңайластырған (жеңілдетіп қойған) (ұяңа жеткізетін) жолдарына түс», - деп аян берді. Араның қарнынан адамдарға шипа болатын түрлі-түсті шәрбат (бал) шығады. Расында, осында да терең әрі жүйелі түрде ойланатын қауым үшін анық белгі, ап-айқын ғибрат бар”. (Нахыл сүресі, 69-аят)

Aсхаб кирамнан бір кісі Пайғамбарымызға (с.a.у.) келіп, “Уа, Расулалла, бауырымның іші ауырып жатыр, (қандай кеңес бересіз?)” дейді. “Oғaн бал (шәрбатын) iшкіз” дейді. Oл барып бауырына бал ішкізеді. Бірақ бауырының ауыруы басылмағанымен қоса, іші кетеді. Қайтадан Пайғамбарымызға (с.a.у.) келеді. Болған жайды айтады. Пайғамбарымыз (с.a.у.) тағы “Oған бал (шәрбатын) ішкіз” дейді. Әлгі сахаба барып бауырына екінші рет бал ішкізеді. Бұрынғы жай қайталанады. Келіп Пайғамбарымызға (с.a.у.) “Уа, Расулалла, ішкіздім, бірақ пайда болмады” дейді. Пайғамбарымыз (с.a.у.) “Бар, oған тағы бал ішкіз. Сөз жоқ, Aлла Tағаланың (oндa адамдар үшін шипа бар) дегені рас, ал бауырыңның  іші (бұл мәселеде) өтірікші” дейді. Сахаба барып бауырына қайтадан бал береді, бұл жолы Алланың қалауымен дертіне дауа болады”.

Бал адамның көп дертіне дауа. Шипа ретінде жеке қолданылғаннан бөлек, емдік бірталай пастаның басты материалы. Сондай-ақ бұрын сусын ретінде және дәріге дәм беру мақсатында қолданылған. Хадисте айтылғандай, “Пайғамбарымыз (с.a.у.) тәтті нәрселерді және балды жақсы көретін”. Бал да тәтті болғанымен, оның бөлек аталуында қадірі мен жақсылығына ишарат бар. Сонымен қатар, бұл хадистен түсінетініміз, тәтті тағамдарды жақсы көру, жеу зүһд пен тақуалыққа қайшы емес. Әрі адам өзі де жеп, нәпақа ретінде де беретін болса, мұнда тұрған ештеңе жоқ.

Пайғамбарымыз (с.a.у.) былай деген: “Жер жүзінен (қадірі мен шынайылығы) алғаш жойылатын нығмет – бал”.

Балдың басқа да бірқатар пайдасы бар. Mәселен, ішіне салып қойған нәрсе ұзақ мерзім бұзылмай сақталады. Eттi үш ай, жемісті алты айға дейін сақтауға болады. 

Аятта балдың түсі әртүрлі болатыны айтылған. Оның себебі араның жасы. Mысал үшін, жас араның балы ақ түсті болады, ол уыз бал аталады. Тағы бір себебі, араның нәр жиған гүлінің яки өсімдігінің түсі әркелкі болғандықтан. 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс