БАЛАҢА «БЕДЕЛ» ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ҚАҒИДАЛАРДЫ ҮЙРЕТ…

БАЛАҢА «БЕДЕЛ» ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ҚАҒИДАЛАРДЫ ҮЙРЕТ…

383
3 мин
БАЛАҢА «БЕДЕЛ» ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ҚАҒИДАЛАРДЫ ҮЙРЕТ…

Және оған мынаны өсиет ет: «Елдің жүрегіне түйетіндей қатыгез болма, бірақ көңілшек, босбелбеу де болма!»

Бедел – сатып алынбайды,

ол сұрап алынбайды…

Ол – мінезден, әрекеттен, ішкі болмыстан туады.

Міне, адамды ел алдында қадірлі етіп, абыройын асқақтатын ең маңызды қағидалар:

+ Қолыңа ерік беріп, біреуге зиян беру арқылы әзілдеме.

Қолмен зиян беру арқылы жасалған әзіл – шектен шығу. Ол сенің қадіріңді кемітеді, беделіңді жояды.

+ Қымбат киіну міндет емес,

Бірақ таза, жағымды иісті, жинақы жүріс – адамдардың саған деген көзқарасын түбегейлі өзгертеді.

+ Өзіңді әркіммен тең қойма.

Кейде елемеу – ең жоғары беделдің белгісі. Ұсақ-түйек даудың орнына өз абыройыңды таңда.

+ Егер ер азамат болсаң – әйелмен жанжалдаспа.

Егер әйел болсаң – балаға айқайлама.

Бедел – биіктен қарап, ұсақтыққа бармауда.

+ Өзгемен өзіңді салыстырма.

Өзін бағалайтын адам өзін төмендетпейді.

Жүрегі тыныш жан – ешкімнен дірілдемейді.

+ Өзгелердің сөзін бөлме,

Тек қажет кезде ғана, рұқсат сұрап аралас.

Сөз бөлген – менмен,

Сыпайы араласқан – құрметке лайық.

+ Кеңесті сұрамаған адамға берме.

Кейде көз – тілден бұрын кеңес сұрайды. Ал тілсіз сұрамаса – үндемей қойған артық.

+ Саған арналмаған сұраққа жауап берме.

Араласу – қадірді жояды. Бей-жай бол – көзге түсем деп емес, беделді сақтау үшін.

+ Айтар сөзің – үнсіздіктен қымбат болмаса – үндеме.

Бедел – көп сөйлегеннен емес, үндемегеннен көрінеді.

+ Шағымды азайт.

Адамдар – зар жылай беретін жанды жақтырмайды.

Үнемі мұңын шағатын адам – жұртқа ауыр, көңілсіз болады.

+ Уәде бердің бе – орында.

Уәде – ер азаматтың айнасы. Сөзінде тұрмаған адамның сөзі де, өзі де қадірсіз.

+Халық ортасында ұйықтама.

Және ішіңмен жатып ұйықтау – әдеп пен көрегендіктен алыс.

+ Өзгелерді сыртынан жамандама.

Ғайбат айтқан – сенімнен айырылады.

Сенім жоқ жерде – бедел де жоқ.

Тағы да маңызды қағидалар:

– Өзіңді қажет етпеген ортаға тықпалама

– Адамдардың пікірін артығымен қуалап жүрме

– Досыңмен ренжіскен адаммен сен де ренжісіп кетпе

– Жасаған жақсылығыңды жария етпе – ізгі іс үнсіз жасалса ғана шынайы

Соңғы өсиеттер:

– Саған шын жүректен кешірім сұраса – кешір

– Егер кінәлі болмасаң – кешірім сұрама

– Бірақ қателік жасасаң – оны ауырлатып, бейбастақ қылма – себебі ол сенің қалған абыройыңды жұтады

– Қарыз алуды әдетке айналдырма –

Адамдар көмектескенді ұнатады,

Бірақ үнемі сұрай бергеннен шаршайды –

Ол сенің жақының болса да.

Балаңа осыны үйрет. Өзіңе де жиі еске сал.

Бедел – Алланың берген несібесі…

Бірақ оның бастауы – өзіңе деген құрметіңде.

 

Abdulakhad Smanov-тың фб парақшасынан

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс