БӨТЕН БАҒЫТ - ҚОҒАМҒА ТӨНГЕН ҚАУІП

БӨТЕН БАҒЫТ - ҚОҒАМҒА ТӨНГЕН ҚАУІП

1069
3 мин
БӨТЕН БАҒЫТ - ҚОҒАМҒА ТӨНГЕН ҚАУІП

Дін адамзат тарихында, мәңгілік рухани тірек екені дәлелденген нәрсе. Діннің бүкіл адамзатқа ортақ асыл құндылықтары адам санасының, рухани кемелденуіне ерекше ықпал еткені мәлім. Қанша ғасырлардан бері рух тазалығын, ой тазалығын насихаттаумен келеді. 

Қазақ жерінде де, асыл дінімізде кеңінен қанат жайып, салт- санамызбен сабақтасып, дәстүрімізбен үйлесіп кеткенін өте жақсы білеміз. Дінді өмірлеріне тірек еткен бабаларымыз өз шығармаралында, имандылықты пір тұтып насихаттаған, өнегелі сөздері, тәрбиелік тағылымдары қалды.

Хакім Абай атамыз:

«Әуелi аят, хәдис – сөздiң басы

Қосарлы бейiтмысал келдi арасы.

Қисынымен қызықты болмаса сөз,

Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.

Мүмин болсаң әуелі иманды бол,

Пендеге иман өзі ашады жол»,

- дегендей, обал сауап деген ұғымды қастерлі қасиет ретінде келер ұрпағының бойына ұялатып темірқазық етті. Сонымен қатар уақыттың, заманның қарыштап, дамып, отыратын заңды құбылысы бар екені ақиқат. Жаһандану заманында діннің атын жамылған әр түрлі бағыттар, көзқарастар, ұстанымдар пайда болды. Өздерінің жолын – ақиқат, басқаларды, күпірлікпен айыптау, оларға қатысты агрессивті көзқарас ұстану сияқты шектен шыққан ағымдар, топтар пайда болады.

Олардың мақсаты жастардың санасын улап, тура жолдан тайдыру, текті тәрбиесінен ажыратып, өздерінің бір жақты бағыттарын күшпен, қысымдылықпен жеткізу. Қанша жастарымыз діни таным түсінігі таяз болғандықтан жат ағымдардың жетесінде кетіп өкінішке тап болғандары да жоқ емес. Сондықтан ұлт болашағы жастарымыздың діни, рухани тәрбиесіне  қоғамда, мемлекетте мүдделі болуға тиіс. Діннің діттегені бүлік емес, бірлік, ынтымақ. Дін ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің. Қасиетті Құранда да, бейбітшілік, бірлікті сақтауға өркениетіміз қоғам құруға үндейтін бірнеше аяттар бар. Халқымызда «Бірлігі бар ел – озады, Бірлігі жоқ ұлт – тозады» деген. Тарихта қанша елдердің кері кетуі, рухани күйреуі, бірлігі бекем сақталмауының кесірінен болған.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Мұсылман деген, қолымен тілімен, өзге мұсылмандарға зиян тигізбейтін адам», - деп, қысқа да нұсқа жеткізген. Өзіңе тілеген бір жақсылықты өзге мұсылман бауырыңнан басына да болуын қаламайынша, шынайы иман келтірген болып саналмайсыңдар деген.

Қасиетті Құранда Алланың дініне жабысыңдар да, бөлінбеңдер деп, үнемі бірлікке үндейтін аяттар көптеп кездеседі. Тағы да бір хадисте: «Бүлік - ұйқыда жатқан жылан, кім оны оятса, оған Алланың лағынеті болсын», - деп қатаң айыптаған.

Қан төгу, қатігездік жасау, зұлымдық істеуді, хақ дініміз үлкен күнәға теңеп айыптаған. Дана халқымызда бірлікті сақтау жөнінде: «Бетеге кетсе бел қалар, бектері кетсе ел қалар, берекең кетсе нең қалар?!»,- деген ұлағатты сөз бар.

Қазіргі ашық ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатқан жаһандану дәуірінде жастардың санасында діни ақпаратты дұрыс жеткізудің маңызы өте зор. Ақпараттың сансыз көптігімен, жедел-жылдам уақытта таратылуы. Осындай жауапкершілік жүгі ауыр жұмысты жандандыру, насихаттау ісінде білікті дін қызметкерлерінің жұмысы өте маңызды. Қай уақытта да өзектілігін жоғалтпайтын, маңызды мәселе – дін және қоғамдағы жастар тәрбиесі екені анық. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз күшті болсын!

Маратхан МҰХТАРХАНҰЛЫ

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс