Сайтан мықты дегенше,
Иманым әлсіз десеңші.
Сынақ жықты дегенше,
Дәрменсізбін десеңші.
Тағдырымнан дегенше,
Таңдауымнан десеңші.
Әр сөзің мен ісіңе ,
Өзің жауап берсеңші.
Соңынан ермей әркімнің,
Өз жолыңмен жүрсеңші.
Мін таққанша біреуге,
Өзіңді түзеп білсеңші.
Мықты болсаң әлсізге,
Көмек қолын берсеңші.
Адам болып келген соң,
Адамша өмір сүрсеңші.
Кеш болғанда өкінбей,
Иманға тез КЕЛСЕҢШІ.
(Бабалар сөзі)