Б.МОМЫШҰЛЫ: ЖАҚСЫ МЕН ЖАМАН ТУРАЛЫ...

Б.МОМЫШҰЛЫ: ЖАҚСЫ МЕН ЖАМАН ТУРАЛЫ...

264
1 мин
Б.МОМЫШҰЛЫ: ЖАҚСЫ МЕН ЖАМАН ТУРАЛЫ...

-Жаманға бақыт қонса, қонғанын сезбей, ұшқанын бір-ақ сезеді.

-Жаман солдат шілде де шинель киіп жүріп тоңады.

-Жақсы сөз жан сүйсіндіреді,

Бойға қуат береді.

-Жаман айғырдан - тұлпар, Жақсы биеден қодық туады.

-Жақсы ұстаз жаман шәкіртін де ұмытпайды.

-Жақсымен жақын болсаң - өмірден бал татасың,

Жаманмен жақын болсаң - у жұтасың.

-Жақсы командир жауынгерін зор етеді,

Жаман командир офицерін қор етеді.

-Жақсы бастық - жарты бақыт.

-Жақсы жігіт жылқы мінезді келеді,

Жақсы ат сыпайы жігітке ұқсайды.

-Ақымақ өңін жасқа бермейді.

-Жақсы тәртіп - жеңіске жеткізеді,

Жаман тәртіп - жеңіліске жеткізеді.

-Жаман елде қатын - қожа.

Жаман достан жау артық.

-Жақсы түс көрсең - нұр үстіне нұр,

Жаман түс көрсең - іште жатып шіриді.

-Шабан ат, өтпес туыс, жаман қатын қартайтады сені.

-Қорқақ - дөрекі әрі ақымақ.

-Жаман жақыннан жақсы жат артық.

 

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс