Бірде Бөлтірік шешенге сөзден сүріндірмекші болған төре:
-Азбайтын, тозбайтын байлық қандай болады?
-Қайтпайтын, таймайтын қолдаушың мен қорғаушың қандай болады?
-Жарығы тұтас елге түскен қасиетті шырақ қандай болады?
-Жел жетпес жүйрік, асыл текті пырақ қандай болады?- деген сұрақтарды жаудырады.
Сонда Бөлтірік:
- Дүниеде азбайтын байлық біреу,
Ол-ақыл.
Дүниеде тозбайтын байлық біреу,
Ол-ақыл.
Дүниеде таймайтын адал қорғаушың біреу,
Ол-ақыл.
Дүниеде жарығы тұтас елге түсетін қасиетті шырақ біреу,
Ол-ақыл.
Дүниеде асыл текті жел жетпес пырақ біреу,
Ол-ақыл,- деген екен".....