Үш данагөй бас қосып, АДАМ ҮШІН НЕ МАҢЫЗДЫ деген сұраққа жауап іздепті.
Бірі айтыпты:
- Бүгін кім болғанымыз - өткеніміздің жемісі. Демек, адам үшін өткені мен тарихы маңызды, - деп.
Екіншісі айтыпты:
- Өткеніне байланған адам өрмекші торына шырмалған жәндікпен тең. Маңыздысы - келешек. Адам үшін ең маңыздысы - арман мен жоспар, - деп.
Үшіншісі:
- Өткен - өтті, ал болашақ әлі жоқ, тек болжам ғана. Өткенді еске түсірсе де, болашақты армандаса да, адам тек қазір, яғни бүгін әрекет етеді. Тек осы сәтте өмірінде бір нәрсені өзгерте алады. Тарихқа билік жүрмейді, болашақ та бізге бағынбайды. Өткенге өкінгеннің де, ертеңге алаңдаудың да түк те маңызы жоқ. «БҮГІН БАҚЫТТЫ БОЛУ» - маңызды, деген екен.