ҒАЖАП ҚАСИЕТ

ҒАЖАП ҚАСИЕТ

286
5 мин
ҒАЖАП ҚАСИЕТ

Бұл ғажап оқиға алдыңғы жылы мамыр айында орын алды. Бірақ оны жазуға енді ғана тәуекелім жетіп отыр.

Құрбым Айдана үнемі диета ұстайтын. Ол мұны 14 жастан бастаған. Соқырішек операциясынан кейін ішектері «спайка» болып, бір-біріне жабысып қалған екен, жыл сайын ауруханаға жатып шығады. Асты абайлап ішеді. Он жылдан бері тек сұйық ас ішеді деп жазады «Ауырмаңызгазеті.

Іш қатуынан қиналатын. Бет терісі қайызғақ сияқты қабыршақтанып жүретін. Дәрісіз күні жоқ. Сол құрбым былтыр қатты ауырды. Ауруханаға жиі жататын болды. Ақыры бір күні оның ішек рагі екенін естідім. Ал төрт айдан кейін Айдана маған осы ғажап оқиғаны айтып берді.

«Рак дегенді естігенде өлемін деп ойладым. Бар бітіргенімоқып, диплом алғаным. Не жұмыс істеп, бір рет те болса айлық алып көрмедім. Не күйеуге тиіп, бала сүймедім. Ата-анама не жақсылық істедім деп уайымдадым. Қорықтым. Операцияға көнгім келмеді. Дәрігерлер кепілдік бермейміз деді. Операция үстелінде өліп кетуім, болмаса жазылып шығуым, тіпті бәрібір рак асқынып кетуі, бәрі-бәрі мүмкін жағдай еді.

Анамның уайымы екі есе. Шарқ ұрып жүр. Бір күні қала шетінде тұратын Құранмен емдейтін бір кісіге апарды. Ол үш күн дем саламын, содан кейін «сөйлеймін» деді. Сөйлеймін дегені дем салып, аураны тазалап болған соң не болатынын айтамын дегені екен. Үшінші күні ол маған операциядан бас тарт деді. Дәрі ішуді тоқтатуды тапсырды. Өзім емдеймін деді. Сендіріп сөйледі. Анам келіскен жоқ. Дәрігер болып істейтін нағашы ағам ондайларға бармаңдар деп ұрысты. Ал мен осы кісінің көзінен өмір нұрын көрдім. Дәрі ішуді тоқтатып, ауруханаға жатпай, осы ағайдан ем алдым. Егер болмай бра жатса, операцияға одан кейін бара берермін деп ойладым.

Бұл ағайдың емі қызық: таң шапағы атқаннан кешке дейін ауласында Құран даусы барынша жаңғырып тұрады. Емделушілер кең бөлмеде бірі отырады, бірі жатады, әйтеуір кемі 2 сағат Құранды тыңдауы керек. Одан кейін ағай бата береді, сосын қайта бересің. Кейбіреуге сүф деп бір кесе суға үшкіріп, ішкізеді. Енді біреулерге дем салады.

Ағай маған қырық күн дем салды. Әрине, оған дейін міндетті түрде 2 сағат Құран даусын тыңдау шарт. Күнде таңғы алтыда есігін қағып тұратынмын деп жазады «Ауырмаңызгазеті. Қызық қырық бірінші күні басталды. Екі сағат Құран даусына сусындап болған соң ағай әйеліне ымдады да, екеуі мені бөлек бөлмеге апарды. Анам есік сыртында қалды. Тәспі мен Құран кітапты өзіне қалқан ете ортамызға қойып, ағай Құран оқыды. Өте ұзақ оқыды. Апай жанымызда су ұстап дайын тұр. Есім кіресілі-шығасылы түсініксіз күйге түстім. Біресе сықылықтап күлдім, біресе жер тырнап еңіреп жыладым. Енді бір кезде құс болып ұшқым келді. Әлдебір уақытта жанымда үшкір құлақтары едірейіп, найза сияқты құйрықтары көкке жететін екі мақұлық пайда болды. Қорқып кеттім. «Қорықпа. Тіліңді кәлимаға келтір!» – деп апай қайта-қайта айтады. Ағайдың маңдайы мен самайынан тер сорғалап кетті. Бірақ Құранды үзген жоқ, даусы күшейе түсті. Түйіннің шешілер тұсы екенін сана түкпірімен түсіндім. Бірақ бісміллә деуге шама жоқ, әлгі екеуі мені арбап, ештеңе айтқызбайды. Тылсым әлем шайқасы болып жатты. Қорқыныш, үрей, арпалыс, уайым, ары қарай есімді білмеймін.

Оянсам үйде жатырмын. Әкемнің түрі топырақ түстеніп кетіпті. Көзі бұлаудай болған анам жанымда су ұстап тұр. Жарты сағатқа созылған арпалыста менің аяғым жерге тимей, денем пластилин сияқты бұралып кеткенін айтты. Есік саңылауынан осы сұмдықтың бәрін көрген анам әкемді шақыртқан екен.

Құранмен емдейтін ағай анама осымен ем біткенін, ішекке жабысқан екі түйіннің кеткенін айтыпты. Маған күн батқанда бейсауат жүрмеуді, қай кезде де күл-қоқыс, кірдің суы төгілген, зәр сындырған жерді баспауды, иығы мен тізесі жабық көйлек киюді, шашымды жинап жүруді тапсырды. Бір апта күтініп, әл жинап, сосын қайтадан тексеріл деді. Істедім. Анализ қорытындылары сап-сау екенімді көрсетті деп жазады «Ауырмаңызгазеті. Ішекте 2 сантиметрге жететін екі түйін бар деген алдыңғы МРТ-ны көрсетсем, дәрігерлер үндемеді. Не айтарын білмей тұрғанын түсінемін. Дәрігер нағашым тіпті аң-таң.

Осылай, досым. Мен операциядан, бәлкім ажалдан аман қалдым. Мұндайға сенбеуші едім, басыма түскен соң тобама келдім», – деді Айдана.

Негізі ем кезінде бұдан басқа да таң қалатын, сену қиын жайлар орын алыпты. Оны жазуды орынсыз көрдім. Өйткені ойдан қүрастырдың деп сенбей, әжуалайтын адам қашанда табылады. Басына түспеген, көзімен көрмеген соң сын айту ежелгі әдетіміз емес пе? Иә, басқа түспесін!

Ал бұл оқиғаны кешеуілдетіп болса да жазуымның себебікейде жаман аурудың ашық-шашық киінгенде тіл-көз, сұқ жабысуы, таза емес жерді басқаннан бойға жаман нәрсе жұғуынан болатынын айтқым келді.

Салтанат Қ.

«Ауырмаңызгазеті.

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс