ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗ БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗ БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАРЫ

1704
1 мин
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗ БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАРЫ

Қазақ қызға, ҚАРА ОРАМАЛ ТАҚПАҒАН,

Қара орамал, қыз бала үшін жат қадам.

Болашақтан бақыт күткен барлық қыз,

БОСАҒАДАН АҚЖАУЛЫҚПЕН АТТАҒАН.

Құт, береке кетпесін деп оттағы.

Қыз баладан тек жақсылық тосқаны.

Сол үшінде ҚЫЗДЫ ТӨРГЕ ШЫҒАРҒАН,

Жөн болмас деп босағада отқаны.

ӘР ҮЙ ҚЫЗЫН, ХОР ҮРІНДЕЙ ҰСТАҒАН,

ТҰРМЫС ҚҰРСА ҚАЛАУЫНАН ҚЫСПАҒАН.

Босағадан аттап басқан жерінде,

Ешбір келін, ТҮЗГЕ ЖАЛҒЫЗ ШЫҚПАҒАН.

Бұл тыйымды, міндеттіміз білуге.

Хақың да бар, еркін өмір сүруге,

Есте болсын, тек қайғысыз еш әйел,

ТИІСТІ ЕМЕС, ШАШЫН ЖАЙЫП ЖҮРУГЕ.

Тартпау үшін, қасіреттің ызғарын,

Дәстүріңнің «Тыйым» деген біл заңын,

Сонда ғана мағыналы бес күнде,

Мәнді парақ ақтарасың қыздарым.

Нұрлан ЖАПЕКОВ

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс