ҒАСЫР ЗҰЛЫМДЫҒЫ!

ҒАСЫР ЗҰЛЫМДЫҒЫ!

971
4 мин
ҒАСЫР ЗҰЛЫМДЫҒЫ!

Зұлымдық әркімге түсінікті болғандықтан сипаттамысын ашып жазу артықтық-деп ойлаймын. Айтқым келгені зұлымдыққа ортақ болу туралы. Ислам ғалымдарының айтуы бойынша жасалып жатқан Зұлымдыққа куә болған адам сол зұлымдыққа қарсы тұра алатын қандай да бір уәж көрсепеген болса сол зұлымдыққа ортақ болған болып саналады. Бұл әрекет қолынан келмесе, тілімен, тілімен келмесе, іштей пейіл ниетімен дұғасымен болу керек. Қазір дүниеде жасалып жатқан Қанды қырғын бар. Ғасыр-зұлыматы бар. Газзеде, Палестинада. Күн санап қаншама жандар қырылуда, жазықсыз сәбилер өлуде, әйелдер жесір, балалар жетім қалуда. Бомбадан жарқаттанған сәбилер наркоз, екпесіз тірідей пышаққа түсуде. Шыжылдаған, шыңғырған бейшара сәбидің жанындағы оны тірідей сойған, ұжданы сыздай, ах ұра кескілеген дәрігердің шарасыз күйін көзге елестетіп көріңіз. Тісіңізді екпесіз, жұлдырып, яки дызылдатып бұрғылатып емдетіп көріңізші. Субхана Аллаһ!!!!

Адам айтуға, қалам алып жазуға дәрменсіз күйге түседі екен. Не ұждансыздық, не деген жауыздық, не деген хайуандық! Арыстан екеш арыстан да, қасқыр екеш қасқырда ұстаған жанды жемін тұншықтырып, өлтіріп ап қинамай жейді екен!

Демек адам, имансыз болды ма, Құдайдан қорықпады ма ұжданы өліп, хайуаннан кері кетеді екен. Дозақтың жараттылуы бостан босқа емес екен. Залымдар үшін жасасын Жаһаннам деген ғалым, үлкен Ұстаз- босқа Жар салмаған екен!

Я, Аллаһ Қолымыздан не келеді, сенен жәрдем тілегеннен басқа?! Тілімізден не келеді, өсек ғайбат айтқаннан басқа?! Амалымыздан не келеді, риямен жасаудан басқа?!

     Палестинада бір мүмин қарындасымның намысы кірленіп жатқанда, төсекте қалай жатам рахат-рахат, дастарханға қалай қол ұзатып, қалай тамағымнан дәмді ауқат жұта аламын -деген Салахаддиндер бүгін жоқ! Нұреддин Зәңгілер тарихқа көмілген! Ислам күнін, сол кездегі қайнап тұрған християнның орталығы Анадолыға жайған бір аталас Селчұклұдар ұмытылған!

Оның орнын тамағын ғана күйттеген, намазын, дұғасын Сенімен саудалаған, бар білгені ақша дүние, машина мүлік болған, бренд киім, әшекей сағат таққысы келген, Ахыретін дүниеге айыпбастаған біздер бастық!

Иа, санымыз көп! Қара құрым қаптаған мұсылманбыз!

Бірақ сапамыз жоқ, иман орны Қалбымыз тоймас зауықтермен, бітпес тірлікпен мөрленген!

Ұждандар сөнген, ықластар кеткен!

Ақиқатты жар салар ғалымдардың қаламдарының сиясы кепкен!

    Қалайтынымыз жатсақ тұрсақ – дүния,

Амалымыз-рия.

Табынғанымыз алтын күміс, сән салтанат, атақ- даңқ! Атың шықпаса жер өрте деп жүрген тобырға айналдық! Қаншама мұсылман-арап мемлекеттері бар, әй мынауың қалай, зұлыматыңды тоқтат-деп жатқаны шамалы. Деседе жер бетінде ақиқатшыл адамдар жоқ емес екен.

       Кешеден бері АҚШ-та ұжданы сөнбеген бір топ студенттер бір араға жиналып Палестинадағы жасалып жатқан зұлыматқа, қарсылықтарын білдірген. 70 адамнан басталған қарсы толқу бүгін барлық университтер пен оқу орындарына жайылып, алды түрмеге тоғытылып жатқанына қарамай, өздерінің зұлымдыққа қарсы екендіктерін жариялауда!

Ия, Жұмыр басты пенделердің тіршілігін жалғастырып, Алланың қаһарынан сақтап тұрған нәрсе ол адамның зұлыматқа қарсы көтерілген ақ пейілдері екені сөзсіз!

Қай уақытта жүректегі бұл пейіл сөніп жоғалғанда қияметте орнамақ!

ЗАКЕРИЯ Тілеуқабыл

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс