ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРМАЙ КЕШІКТІРУ ЗҰЛЫМДЫҚ

ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРМАЙ КЕШІКТІРУ ЗҰЛЫМДЫҚ

1426
1 мин
ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРМАЙ КЕШІКТІРУ ЗҰЛЫМДЫҚ

 

 قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: نَفْسُ الْمُؤْمِنِ مُعَلَّقَةٌ بِدَيْنِهِ حَتَّى يُقْضَى عَنْهُ. (هـ)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “(Қайтқан) мүміннің рухы, (егер артында қарызы қалған болса) ол үшін қарызы қайтарылғанша (oл) қарызға байлаулы болады (яғни жәннаттағы мақамынан қағылады)”. (Сүнән ибн Мажа)

Пайғамбарымыз (с.a.у.) “Бай біреудің мойнындағы қарызын қайтаруды созуы (кешіктіруі) зұлымдық...” деген.

Бұл хадистің түсіндірмесінде:

“Адамның бай бола тұра қарызын қайтармай кешіктіруі зұлымдық әрі харам. Кедей біреудің мүмкіншілігі болмағандықтан кешіктіруі себепке байланысты. Адамның қарызды қайтарар кезде қолында ештеңе болмай не басқа бір себепке орай қарыз берген кісімен кездесіп, қарызын қайтаруды шамасы келетін кезге кешіктіруі жайыз” деген. 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс