ҚАРАПАЙЫМ ТҮСІНІК

ҚАРАПАЙЫМ ТҮСІНІК

1604
1 мин
ҚАРАПАЙЫМ ТҮСІНІК

Қарапайым түсінік. Дін - Аллалық жол. Адам баласының жер бетінде өмір сүруінің барлық қағидаттары сақталған. Сол қағидаттарды ұстансаң, тура жолдан адаспайсың. Байыбына барсақ, құлшылық, ғибадат сол қағидаттардың ішінде тұрады. Біз ұғынықтылық үшін қағидат дедік. Болмаса діни ұстанымның мағынасы кең. Сондықтан да ол адам баласының бүткіл өмір салтын қамтиды.

Екінші жол. Бұл жол адамзат жаратылғалы бері әрқилы атауға ие болып келді. Соған орай бұл жолды адамзат ақыл-ойының жемісі десе де болады. Шынтуайтына келсек, бұл - құдайсыз жол. Жасыратыны жоқ, адам баласы жүре келе осы жолға қарай ойысып кетті.

Алайда бірінші жолды да ұмытқан жоқ. Соған орай екі жол тоғысты. Адам баласының бір-бірімен шәлкем-шалыс келіп қала беретіні сондықтан. Алайда ол “шәлкем-шалыс” ешкімді де өз соқпағынан ажырата алмайды. Сондықтан да барлық адам баласы бір бағытта кетіп бара жатыр. Мәре - қиямет қайым. Себебі ол - Алланың жолы емес.

Құдияр БІЛӘЛ

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс