АРАҚ-ШАРАП ҮШІН СОҒЫС!

АРАҚ-ШАРАП ҮШІН СОҒЫС!

143
2 мин
АРАҚ-ШАРАП ҮШІН СОҒЫС!

1788 жылы австриялық әскер өз-өзін қырып салған. Бұл оқиға тарихта «Карансебеш шайқасы» деген атпен белгілі. Австрия мен Осман империясы арасындағы соғыста 10 мыңнан астам сарбаз қаза тапқан, бірақ түріктер әлі жетіп үлгермеген еді. Нәтижесінде османдар ешқандай шайқассыз Карансебеш қаласын басып алды.

Бұл қалай басталды?

Австрия императоры ІІ Иосиф Осман империясына кенеттен соғыс жариялады. 1788 жылдың қыркүйегінде ол 245 мың жауынгерден тұратын, 36 мың атты әскері, мыңдаған зеңбірегі бар алып әскерді өзі бастап шықты. 19 қыркүйекте әскер Дунай өзенінің маңына жетті.

Сол жерде бірнеше сарбаздар Тіміш көпірінен өтіп, арғы беттен голландиялық шарап сатып алды. Біраз уақыттан кейін өзеннің екінші жағындағы әскерлер де шарап ішуге өтпекші болды. Бірақ арғы беттегі кавалеристер оларды кіргізбей, шарапты қорғап тұрды. Екі жақ ұрыса бастады, содан бір сарбаз оқ атты. Осылайша қақтығыс басталып кетті.

Мас болған кавалеристер қылышпен шабуыл жасады, ал жаяу әскер оқпен жауап берді. Кейін кавалеристер қарсыластарын алдау үшін «түріктер келді!» деп айқай салды. Бұл сөз бүкіл әскерге тарап, қараңғы түнде бәрі расымен османдар шабуылдады деп ойлады. Әскер бөлімдері бір-біріне оқ жаудыра бастады.

Зеңбірекшілер жағдайды түсінбей, артиллерияны отқа қосты. Жаңа қырғын басталды. Әскердің әрбір полкі бір-бірін дұшпан деп ойлап, артқа шегінгендерді атып тастады. Нәтижесінде 10 мыңға жуық адам өз әскерінің оғынан қаза тапты.

Ал келесі күні Осман әскері келгенде, Карансебеш бос жатқан еді. Өліктерден басқа ешкім қалмаған. Осылайша олар бір де бір оқ атпай қалаға кірді. Барлық қайғылы жағдайдың себебі — қараңғы түн, үрей және бірнеше бөшке шарап болды.

Abdulakhad SMANOV

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс