Бұл сөз қарға құсына қатысы жоқ. Ескіше түрікше “қар” араласуды білдіреді, яғни жекжат болып араласып жатқан тамырлы қазақпыз.
Құзғын, қара қарға, ала қарға, ұзақ қарға немесе көк қарға. Киелісі көк қарға.
Көк қарға он бесінде келер,
Жиырма екісінде күн мен түн теңелер,
Бұл кезде жыл есебі берілер. (Бекасыл әулие).
Ертеде ұзақ қарғаны кие тұтқандықтан “қарға, қарғаның көзін шұқымайды, қарға адым, қарғадай кезінен”-деген. (Құранда адамға адам жерлеуді үйреткен 1-ұстаз қарға).
12 жылдық жануарлар циклін ата-бабамыз ойлап тапқан.
Аспан денелерімен жердегілер тығыз қатынаста екенін пайымдаған бабаларымыз аспандағы бір Тәңірге, бір Құдайға сенген.
Күн мен түннің теңесуі ретінде ұзақ қарғаның ұшып келуімен оны киелі санаған.
15-20 мың жыл бұрын Азиялық Сібірден Америкаға қоныс аударған үндістерде қарғаны кие тұтады.
Қарғаны басқа ұлттарда киелі санайды.
Үйсін-қарғаның ұрпағы мағынасын береді.
Қарға тұяқ оюы -құт-берекенің қорғаны.
Қарғаға қатысты сөздер, қазақ халқының тұтастығын айғақтайтын коды.
Ақселеу СЕЙДІМБЕК