Ғалым Әбу Сағид Хадимидің өсиетнамасында
былай деп жазылған:
- Кішіпейілдікте топырақ сияқты бол.
- Өзгеге пайдалы болуда жеміс ағашындай бол.
- Жомарттықта өзен сияқты бол.
- Жақсылық пен ықыласта ұшы қиырсыз теңіз сияқты бол.
- Пірге қол тапсыруда өлік сияқты бол.
- Үнсіздікте жансыз зат сияқты бол.
- Айып пен кемшіліктерді жасыруда түн сияқты бол.
- Адамзатқа жақсылықта жарқыраған күн сияқты бол.
- Алланы тану сәулесін нәпсіқұмарлық бұлтымен көлеңкелеме.