АЛЛАНЫҢ БАР БОЛУЫ

АЛЛАНЫҢ БАР БОЛУЫ

322
2 мин
АЛЛАНЫҢ БАР БОЛУЫ

Исламды қабылдағанға дейін бір адам толықтай атеист болған екен. Исламды қабылдаған соң да оны Алла Тағаланың бар болуы жөнінде күмәнді ойлар қайтадан мазалай бастайды. Мұндай ойлар шайтаннан.

Аталмыш ойларға деген оның наразылығы мен жаман қарасының өзі-ақ оның жүрегіндегі иманның айқын белгілері еді. Өйткені, егер ол атеист болса, осы сияқты ойлардың пайда болғанына мүлде алаң болмас еді: атеистер, керісінше, осы ойлар мен нанымдарды насихаттайды. Негізі, шайттаннан болар күмәнді ойлар пайда бола қалған кезде келесі дұғаларды айту керек:

«Әмәнту билләхи уа русулих».

Сондай-ақ, былай да айту қажет: «Әмәнту билләәхи кәмә хууа би-асмәихии уа сыфаәтихии уа қобильту джами’а ахкяәмихь…», «Әмәнту билләхи уа мәләикәтихии уа кутубихи уа русулихи уәл-яумил-әхыри уәл-қодри хойрихи уа шаррихи миналлахи та'әлә уальбә’си бә’дәль-мәут», – бұл сөздердің мағынасын түсініп айту.

Ал тағы да: «Ләә хәулә уә ләә қууәтә илләә билләәһ». Содан кейін шайтанға, тіпті оны көрмесе де былай айту: «Алла Тағаланың бар болуының дәлелі — менің өзімде.

Егер Алла Тағала болмаса, онда мен жаратылмас едім. Менің көздерім мен құлақтарым және т.б. дене мүшелерім болмас еді». Мұның бәрі қараңғы анамның құрсағында жаралған. Немесе оған былай айту: «Мен өзімнің ақылымды да көрмеймін, алайда оған ие екеніме сенемін».

Әрбір адамның саусақ таңбаларының бірегейлік фактісінің өзі Раббының, Жаратушының бар екендігін анық көрсетеді. Айналадағының бәрі біздің Жаратушымыз - Алла Тағаланың бар екенін көрсетеді. Алланың бар болуының дәлелдерінде кемшіліктер жоқ.

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс