Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Алла Тағала, Алла жолында еңбектенгендерге жәннатта жүз дәреже дайындап қойды. Екі дәреже арасындағы қашықтық жер мен көк арасындай. Сендер Алладан жәннат сұрағандарыңда Фирдаус атты жәннатты сұраңдар. Өйткені ол жәннаттың ең абзалы және ең көркемі». (Сахих Бұхари)
Әбу Хурайра (р.a.) былай риуаят еткен: “Біреу Расулаллаға (с.a.у.) келіп ‘Уа, Расулалла! Маған Aлла жолында жихадқа тең амал үйретіңіз’ деді.
Пайғамбарымыз (с.a.у.) “Aлла жолында жихадқа тең ештеңе таппаспын. Бір мүжаһид (жауынгер) жорық не жихад ниетімен үйінен шыққанда, ол үйіне оралғанша сенің мешітке кіріп еш тоқтамай намаз оқуға немесе еш ауыз ашпай күнде ораза ұстауға шамаң, күшің жете ме?” деді.
Жаңағы адам “Уа, Расулалла! Ондай нәрсеге ешкімнің шама, күші жетпейді ғой!” деді.
Хадисті риуаят еткен Әбу Хурайра (р.a.) сонда былай дейді: “Бір мүжаһид сарбаздың арғымағы байлаулы жерінде тыпыршып, ойнақтап тұра алмайды. Міне, сол жануардың осы күйінің өзі иесі мүжаһид сарбаздың жақсы істері қатарына жазылады.” Яғни сауап тұрғысынан Алла жолында жихадқа тең келер ешбір амал жоқ деген сөз.