АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ РАХМЕТІНЕН ҮМІТ ҮЗМЕУ

АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ РАХМЕТІНЕН ҮМІТ ҮЗМЕУ

1730
2 мин
АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ РАХМЕТІНЕН ҮМІТ ҮЗМЕУ

Өзің үшін жақсы көрген және қалаған нәрсенің болуын күткен кезіңде жүрегіңде рахаттану мен жеңілдік пайда болса, бұған "ража", яғни үміт деп айтады.

Мүмин жүрегінің бақшасына сепкен иман дәнін мойынсұну және ғибадат суымен суарып, айналасын жаман ахлақ пен  нәпсің қалауларынан тазартса,ол өмірің соңына дейін білім нұрының жемісін жинайды. 

Мүмин иман дәнін игі істердің бұлағымен суармай, жүрегіңді жаман мінез-құлықтардан тазартпай, уақытша дүниелік ләззатқа деген сұраныстан алыстамай тұрып, Алла тағаладан рақым күтсе, ақымақ болады. Расында, хадис шәріпте: «Нағыз ақымақ адам напсінің жаман қалауына ілесіп әрі Алла тағаладан жәннат сұраған адам» - деп баяндалады.

Дүние – ақыреттің өрісі, жүрек - құлшылық пен мойынсұнудың бағы. Иман - бақыттың дәні, игі істер - нұр төгетін арналар, арғы дүние –ол егіннің өнімін жинайтын күн. Егер күнәһар құл істеген күнәларына өкініп, уақытында жасай алмаған ғибадатының орнын толтыруға нәпсіні жеңіуге тырсатын болса,онда бұл тәубенің қабыл болатынына үміттенсе, бұл шынайы үміт болады. Ал тәубенің қабыл болуы ол күнәларды жек көріумен бірге, жасаған қателігі мен жамандығына шынайы өкіну, жасаған жақсылығына риза болу және нәпсінің қалауынан ұзақ тұру әрқашан тәубеге ұмтылу, күнә жасағаны үшін өзін кіналау. Осылай тәубе етуді жалғастырған адам Алла тағаланың нығметі мен тәубесінің қабыл болу үмітіне лайық болады.

Яхия бин Муаз былай деген екен: «Ең үлкен алдану - ол бір адамның күнәларын өкінбестен жасауға жалғастырып, сонымен бірге Алла тағаланың дидарына  жақын болудан үміттенуі. Ондай адам күнә тұқымын егіп, бірақ жәннаттың жемісінен  алғысы келеді және де күнә жасауын жалғастыра беріп, ол мойын ұсынушылрдың орны болған жәннатта болғысы келеді. Әттең, жақсылық жасамай, сауаптан үміттену – құр бір тілек әрі үлкен алдану».

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс