Павлодар облыстық жедел-жәрдем станциясының мамандары «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіт қызметкерлеріне алғашқы көмек көрсету бойынша арнайы семинар өткізді. Мамандар семинарда жүрек-өкпе реанимациясы, қан тоқтату, есінен танған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету сияқты маңызды тақырыптар қамтыды.
Өйткені мешітке әртүрлі аламдар көп келеді. Сол кезде қандайбір төтенше жағдайлар болып жатса ең алдымен не істеу керек, қандай көмек көрсету керек екенін парктика жүзінде көрсетті.
Мешіт қызметкерлері мамандардан практикалық дағдыларды үйреніп, шұғыл жағдайларда дұрыс әрі жылдам көмек көрсету жолдарын пысықтады.
Осындай игі шаралар қоғамның қауіпсіздігі мен амандығын арттыруға үлкен үлес қосады.




