АЛЛА ДЕШІ

АЛЛА ДЕШІ

1180
1 мин
АЛЛА ДЕШІ

Алла деші,

Жүрегіңмен,

Жаныңмен!

Алпыс екі тамыр,

Ыстық қаныңмен!

Алла деші,

Қуанышың тасқанда,

Жан сарайың жаңа әлем ашқанда,

Сабырмен.

Не зіл қара тас уайым-қайғы еңсеңді

Бастырықтай басқанда!

Алла дегін,

Жоламау үшін лас маңға!

Алла дей біл!

Жаның жайнап,

Шырқау үшін

Жеті қат көк,

Рухың ғарыш аспанға!

Алла деші,

Мазаң кетіп,

Құт-берекең қашқанда,

Алла деші,

Алла деуден жалықпа,

Алаламай ғаріп пенен алыпты,

Бір ауыз сөз алып шығар жарыққа!

Алла саған бас-көз болып тұрғанда,

Еш әлсіздік танытпа!

Әлсіздіктің ар жағы

Шыңырау құз,

Мың адасу,

Құлап кету тамұққа!..

Қалқам,

Қай істе де алдымен

Алла деші,

Алла де!

Тыным тауып,

Зікір салып,

Аттан түспей

Айтарға!

Тасты үгітіп,

Тауды қашап,

Жиһад жасап шайтанға!

Шыңыраудан шық,

Сүйеніп,

Әл-Хай!

Әл-Хаким!

Әл-Халыққа!

Күрзімен соқ!

Найза қада!

Қылышпен сой!

Қан мен жыны қоса ақсын,

Тұрғынымен дос болма да қос болма!

Тозақтың!

Мән бер!

Басты -

Өмір - Өлім -

Маңызға!

Атадан қалған

Қисса, дастан, аңызға!

Қалма,

Құрсау қамытта!

Тар қабірде,

Табытта!

Алла деуден ешуақытта жалықпа!

Болмасаң мал!

Ғұсылың мен дәретіңді ал!

Зікірің сал!

Тірек,

Кейпің -

Жүрек дейтін,

Қалыпқа!

Айнал сосын

Толағайдай тау көтерер

Алыпқа!

Я, Алла!!!

 

Munaidar BALMOLDA

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс