Имам Ғазалидың "Аллаға ғашықтық" атты еңбегін оқып отырып, осындай ой тұжырымға келесің және бұндай тұжырым Әнастан, имам Бұхари мен Мүслимнен ( Алла оларға риза болсын ) жеткен хадистермен қуатталғанын көргенде жаның жадырап сала береді!
Жүрегіңнен алып таста дүниенің кір-бағын,
Енгіз оған Әл-Хакимнің самаладай нұр шамын!
Махаббаттың сезін тәтті жан ләззатын ұдайы,
Өн-бойыңды өртеп берсін алау қызыл гүл жалын!
Тілемейсің Тәңіріңнің жәннат, пейіш, жұмағын,
Елемейсің жаһаннамы, тозақ, тамұқ тұрағын!
Есіл-дертің Нұр Дидары Әл-Әзиздің мәңгілік,
Жүрегіңе құйып жатқан даналықтың бұлағын!
Қандай асыл, ғашық болу Әл-Бағиске ұмтылып!
Жан-жүрегің жатса шіркін, Әл-Уадуд деп бұлқынып!
Күйт тірліктен жоғарысың, Әл-Уасиғке ұнайсың,
Мүмін бала, сен мұңайма, зікір сал да жүр күліп!
Я, Алла!
Мұнайдар БАЛМОЛДА