АДАМДЫ ҚОРШАП ТҰРҒАН ТАНЫМДАР СЫРЫ

АДАМДЫ ҚОРШАП ТҰРҒАН ТАНЫМДАР СЫРЫ

228
3 мин
АДАМДЫ ҚОРШАП ТҰРҒАН ТАНЫМДАР СЫРЫ

Дін керек пе? Ғылым ба?деген сияқты пікірталастар толастар емес...Өкінішті. Кезінде біз "ғылыми атеизм" дәуірінде, бізге тек ғылым керек деп өстік. Философияны да ғылым дедік. Оны ғылыми философия деп те анықтап алдық. Негізі адам байқұсты жолға салып, шектеп,иектеп, бір үкімге, бір шаблонға салу деген ол детерминизм. Онсызда адам еріксіз махлұқ. Ол әлсіз жаны бар. Онда бәрі шектеулі.

Соған қарамастан оны шектеу мен еркіндікке қауыштыру арасында танымдардың миссиясы басталады. Адамды

қоршаған танымдар көп. Ол діни таным, ол ғылыми таным, ол философиялық таным, ол мифтік таным, ол аккульттік таным...кете береді. Осылардың біреуін ғана қалдырып, басқасын шектеу ол спекуляция, идеология, аяғы саясатқа бастайды... Егер сізге бес сезім мүшеңіздің біреуін ғана қалдыр, қалғанын алып тастайық десе, қайсысын таңдайсыз? Көзді ме жоқ әлде құлақты ма? Тілді ме жоқ әлде мұрынды ма? Жоқ әлде теріңді ме? Жоқ, сіз келіспейсіз.. Себебі олар сізге қызмет етіптұрған, көзге көрініп тұрған құралдарыңыз...

Ал танымдар ше олар сіздің рухани, сана, ақыл, ерік, ой салар құралдарыңыз... Сізге көрінбейді..танылады, білінеді, сезіледі, сенесіз , мойындайсыз...ұғасыз. бәрі ішкі танымдық құралдарыңыз... Фараби бабаңыз адамда ішкі сыртқы он құралы бар дейді. Сыртқы бес сезім мүшесі, ішкі бес интеллектуалдық құрал... Кеше кеңестік идеология кезінде ғылымпаздықпен ауырдық, ғылыми танымды бәрінің ақиқат өлшемі деп танытып бақтық... Бірақ оны да негіздей алмайтын болып шықты. Адамның сырына, болмысына қиянат жасалды. Қысым мен ережелер, идеологиялық догма рухтың ақиқатына жауап бере алмады...

Сондықтан адамды қоршаған танымдардың ешқайсысы артық немесе сырттан таңылған дүние емес. Ол рухтың, сананың, ақылдың, болмыстық меннің ерекшелігіне, сұранысына жауап беретін танымдық қабаттар... сосын бұлардың арасында иерархиялық мәртебе қойып, мынау бірінші, мынау екінші деп жік қоюға болмайды. Қойғандар бар, олар адасуда. Бізге ғылым да, ой да, өнер де, ертегі де, аңыз да, дін де, жыр да, сән сәулет те бәрі керек. Біз еркін қоғам құруымыз үшін де осындай кеңдік пен әлем жарата алуымыз керек. Егер адам болсақ..Әрине біз робот емеспіз. Адам мәні- рух. Оның қажеттілігіне өзінен тыс ешкім бойлай да алмайды...Ол өзі автономды әлем. Расында әрбір адам жеке әлем...

Сондықтан өзіңнің дұрысыңды бәріне таңбағын. Сосын Алла, әлем және адам арасындағы байланысқа сенімнен басқасы шыдас бермейді. Мына әлемнің өзінде де сенім, дін болмаса, адамдағы ожданды, мұратты, мақсатты, құндылықты, моральды, құқықты, саясаттың тұрақтылығының, баяндылығының төркінін таба алмайсың...

Сондықтан да Фараби "Парасатты ел тұрғындарының көзқарас тарының төркінін Ұлы Жаратушымен байланыстырды...Сол үшін оны кеңестік идеология ғылымпаздық, спекулятивтік білім тетігі утопия деді...қысқасы адамға керек танымның ешқайсысы өлмейді...ол өмір сүре береді...әрине адамзат бар болғанша...

Олардың біреуін таңдап өлтіремін, жоямын дегендер кешегі тарихтан тағылым алмағандар...сосын адамды тануға қабілетсіздер.. Діннен бас тартсаңыз кешегі кеңестік идеологиядан тағылым алыңыз, философиялық танымнан бас тартсаңыз бүгінгі уахабизмнен тағылым алыңыз...

Ғылым мен дінді, философияны үндестіргіғіз келсе Фарабиден тағылым алыңыз...жалпы адамға бетбұрайық. Сол дұрыс бағыт! 

Досай КЕНЖЕТАЙ

 

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс