Календар- ел кезген, бал ашатын, көріпкел.
Қарақты- көзі көргіш, бәрін білетін адам. Қазақта:" халық көзі қарақты" деген сөз бар.
Құрымсақ- келімсек, кірме
Қызнақ- қызша сызылу."Қызынақтаған жігіттің қызығы болмас" деген.
Маһи- сұлу, көрікті."Қалмақтан алсаң маһи бір зайып, сүйегінді жоғалтпас"
Наз- әйелден шыққан сері.
Сипаң- аяр еркек.Бұл қытай жерінен діндар сопы болып келген кезде шыққан. Алдаушы адам.
Тайырылған- табаны тозған, жүре алмайтын адам.
Шәңгі- надан дарақы.
Шенеуіш- қылыш шабудың шебері.
Сарт- саудагер өзбек.
Ашқарақ- аштыққа шыдамсыз адам.
Оңаза- асқа шыдамсыз адам.
Қатынбасшы- әйел жұмысына, қазанға тамақ салуға араласатын адам.
Қатынқұмар- әйелің басқадан қорғайтын еркек.
Қатынбұраш- әйелің қызғанатын еркек.
Әз- соқыр.
Әз- ардақты.
Қанғыбас- мәңгіріп жүре беретін адам.
Шығында көр- шығынданатын адам.
Шошақай- ұятсыз адам.
Тақырбас- шашы бар, бірақ ұстарамен қырғызған.
Таразы- семіз не арық емес адамды айтады.
Арсыз- ұяты жоқ.
Суайт- өтірікші.
Сараң- қолы тар адам.
Жомарт- ақкөңіл, елге барын беретін.
Райхан МАТАЙ