Пара алғанның дастарханы тоқ болсада, ары аш, жұтынып тұрады.
Парамен жайлансаң – өкінішпен лайланасың.
Біреудің несібесі біреудің қалтасын майлайды!
Парақордың ар-намысы тендерде саудаланады.
Адал еңбек – ең үлкен тәрбие!
Біреу елге қызмет етеді, біреу құлқынға қызмет етеді.
Ел жейтіндерді емес, ел үшін тер төгетіндерді қолдайды!
Пара алған қолдың дағын өкініш те,жаза да кетіре алмайды.
Заңнан қашып құтылсаң да, ардан қашып құтылмайсың!
Пара жегеннің аузы майлы, ары лайлы.
Майлы асың әупірімдеп сіңер, бірақ тамған дағы кетпейді.
Пара үшін бүгілген бел – темір торға байланып түзеледі.
Б. БАЙҚОҢЫРЛЫҚ