АБАЙДЫҢ ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРҒЫСЫ КЕЛГЕН ЗАМАНДАСЫНА АЙТҚАНЫ

АБАЙДЫҢ ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРҒЫСЫ КЕЛГЕН ЗАМАНДАСЫНА АЙТҚАНЫ

1738
1 мин
АБАЙДЫҢ ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРҒЫСЫ КЕЛГЕН ЗАМАНДАСЫНА АЙТҚАНЫ

Абай Құнанбайұлына 1901 жылы, Мырза Байбосын деген кісі келіп, Меккеге бармақ ойын айтады.

Сонда Абай:

-Әй, Байбосын! Сенің қажыға барғандағы мақсатың не, соны айтшы.

Бірінші, сен “ Қажымын”- деп біреудің төріне шығып отырғың келеді.

Екінші, күнәдан құтылғың келеді. Ә, олай болса, сенің туысқандарың, Мырзаның бәрі ұрлық қылады. Олар сенің атыңа мініп, малыңа ұрлықтың малын қосады.

Өзің ойлашы: Ұрлық пен Қажылық бір жерге сия ма?

Менің тілімді алсаң - үйіңе барып, бір бие мен оншақты қой сойып, барлық Мырза баласын жинап ал да, ұрлықтарын қоюын сұра!

Малсыз нашарларына сауын мен көлік бер! Қызметке, харакетке баулы! Сонда төрге де отырасың, кінәдан да пәк боласың! Ол еткен ісіңнің сауабы хажыға он рет барғаннан артық!,-депті.

Пы-сы: Молдалардың уағызына сұранып тұрған хикая екен.

Осындай тәлімі бар әңгімелер, халқымызда да жетіп артылады—ау.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс