АҚЫРЕТТЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ӨКІНІШ

АҚЫРЕТТЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ӨКІНІШ

2053
2 мин
АҚЫРЕТТЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ӨКІНІШ

Табиғиндердің бірі Әбубәкір әл Хузәли (рах.) былай дейді:

«Бірде Хасан Басридың (рах.) жанында отырғанымызда біреу келіп, «Осыдан біраз уақыт бұрын төсек тартып жатқан жанның қасында едік. Одан қал-жағдайын сұрадық. Жаны қысылып жатқанын айты. Сондай-ақ:

«Дәм-тұзымның таусылғанын сезіп жатырмын. Оны қойшы, маған мынаны айтыңдаршы, зекеті берілмеген, туған-туыстың алдында туыстық міндеті жасалмаған ана сандықта тұрған 100 мың дирхам жайлы не айтасыңдар?» - деді.

Біз одан мұнша ақшаны не үшін жинағанын сұрадық.

Ол: «қиын-қыстау заманда керек болар, бастығымның жасайтын зұлымдығынан құтылуға және айналамдағыларға мақтан үшін жиған едім» - деді.

Мұны естіген Хасан Басри (рах.) былай деді:

«Мына бетпақтың сөзіне қара! Шайтан қиыншылық заманды, басшының зұлымдығын сылтау етіп, Алланың өзіне аманат ретінде берілген нәрсесін жұмсаттырмаған.

Уаллаһи, бұл адам жиған дүниесінен айрылып өкінген күйде дүниеден өтеді.

Ей, мұндай дүиеге-мүлікке ие болғандар!

Мына адам сияқты сен де алданба!

Бұл мал-мүлік саған халал болып келді, бірақ ақысын бермеген малдың сенің мойныңда обалы болатынын ұмытпа.

Уаллаһи, бұл мал-мүлік саған ешбір жерге жұмсамай жинаған, жинау үшін күндіз-түні тынбай тау қопарып, бел асқан, арам жолдан жинап, ақысы барға түк бермеген, осылайша үйіп жинап туған-туысына да қол ұшын созбаған, зекетін де бермеген біреуден келген.

Қиямет күні көптеген адам өкініштің ащы дәмін татады.

Ертең ең үлкен өкініш – біріңіздің өз мал-мүлкін біреудің таразысының үстінен көру болады.

Бұның қалай болатынын білесіз бе?

Алла тағала біреуге мал-мүлікке ие қылады және оны ақысы болған жерлерге жұмсауын әмір етеді.

Бірақ бұл адам сараңдық қылып ақысын жейді.

Соңында мал-мүлкі мұрагерлеріне қалады осылайша, қиямет күні ол дүниесін басқаның таразысынан көреді.

Бұл тілмен айтып жеткізе алмайтын ең үлкен  және ендігі тәубасы болмаған өкініш». 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс