Алла-Тағала қолдасын!
Еш жамандық болмасын!
Аруақтар алқалап,
Періштелер қалқалап,
Қайда барсаң жол болсын!
Алланың бергенінен,
Берері мол болсын!
Қазаның оттан түспесін!
Иман гүлің,
Аптапта солып,
Аязда үспесін!
Ешқашан ошағың суымасын!
Пәле-жәле осы үйге,
Осы шаңыраққа,
Қазақияға жуымасын!
Әмин!
Ұлға бата:
Адамның иықтысы бол!
Алланың сүйіктісі бол!
Қызға бата:
Қыздың қылықтысы бол!
Ибалы, инабатты,
Әдет-ғұрыптысы бол!
Ер балаға:
Баланың балдайы бол!
Сөйлесең -
Періштенің таңдайы бол!
Ата-анаң иіскесе,
Мейірін қандырар маңдайы бол!
Жаманның жуый алмас шалғайы бол!
Жақсының жан-жолдасы, жағдайы бол!
Ел-жұртың,
"Арды ойлаған азаматым" дегенде,
Арқа сүйер жардайы бол!
Әмин!
Munaidar BALMOLDA