ҚҰЛШЫЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАУҒА КЕДЕРГІ ЕМЕС

ҚҰЛШЫЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАУҒА КЕДЕРГІ ЕМЕС

1208
2 мин
ҚҰЛШЫЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАУҒА КЕДЕРГІ ЕМЕС

Алла Тағала Таһа сүресінің 132-аятында: «Үй-ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл. Біз сенен ризық тілемейміз. Сені біз ризықтандырамыз. Соңғы табыс тақуаға тән» дейді. Бұл аят былайша тәпсірленген:

«Уа Хабибім және құлдарым. Мен сендерден ризық сұрамаймын. Адамдар қол астындағыларды жұмсап, солардың себебімен жақсы өмір сүруді қалайды. Ал мен болсам құлдарымның ризығын өзім беремін. Құлдарымның жұмыс істеуіне мұқтаж емеспін. Мен сендерге сендердің ақыретте сау-сәләмат болуларың үшін құлшылық-ғибадат жасауларыңды бұйырамын».

Осы жерде мынадай ой келуі мүмкін: «Егер Алла Тағала біздің ризығымызды беретін болса, біздің жұмыс жасауымыздың қандай қажеттілігі бар?»

Мұндай ой мүлде дұрыс емес. Әлбетте, Алла Тағала ең жомарт ризық беруші. Бізді ризықсыз қалдырмайтынына уәде берді. Сонымен қатар бізге шәриғат шеңберінде еңбек етуді де әмір етті. Біздің ризығымызды беретін тек Алла Тағала. Ал біздің жұмыс жасауымыз болса ризығымыздың табылуы үшін алғышарттарды орындау болып саналады.

Алла Тағала тіршіліктің жалғасуын кейбір себептерге байлап қойған. Әр болған оқиғаның өз себебіне байланысты бір хикметі бар. Мысалы, ауа – өміріміздің жалғасуының себебі. Дәл осы сияқты жұмыс жасау да ризығымыздың келуіне бір себеп. Бұл Алла Тағаланың бекіткен ережесі. 

Ал құлшылық-ғибадатымызға келер болсақ, бұл жұмыс жасауымызға, сауда-саттық я қандай да бір шаруашылықпен айналысуымызға кедергі болатын құбылыс емес.

Мысал үшін, бес уақыт намаз біздің бір күніміздің ары кетсе бір сағатын алады. Олай болса, қалған уақытта, сағатта жұмыс жасауымызға не кедергі бар?! Ораза ұстау да біздің өмір сүру белсендігімізге ешқандай кедергі келтірмейді. Керісінше, оның артуына себеп болады.

Біз құлшылық жасауға міндеттелгеніміз сияқты ризық-нәпәқамызды табатын себептерге ұмтылуға да міндеттіміз. Себептерге ұмтылуымыз Аллаға деген тәуекелімізге, оған деген сенімдігімізге еш кедергі болмайды.

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс