ҚҰДАЙДЫҢ АДАМҒА ОН БЕС СЫБЫРЫ

ҚҰДАЙДЫҢ АДАМҒА ОН БЕС СЫБЫРЫ

379
4 мин
ҚҰДАЙДЫҢ АДАМҒА ОН БЕС СЫБЫРЫ

Егер адамдардың өмірінде бәрі өзі қаламағандай болып жатса: «Не үшін бұл жағдай менің басымнан өтіп жатыр?»-деп сұрайды олар өзінен. Ондай кезде ұнжырғаңыз түспесін, есесіне тереңірек ойланыңыз. Егер басыңыздан сәттілік тая қалса – әңгіме өзіңізде. Өмірде сондай заңдар болады, олармен тайталасу ақымақтық әрі бассыздық болар еді, ол кез-келген жағдайда, барлық адамға бірдей.

Егер оларды ұмытып, хақиқат мәңгілігіне қарсы келер әрекет жасар болсаң, барыңнан айрыласың. Осы кеңестер ең басты нәрсені еске түсіріп, бізді қуантып, бақытты қылып шаттандырады! Қалғаны әсте-әсте өз орнына келеді.

Руханият өсиеттері:

1. Қуаныш. Қорлану – ақымақтық пен түкке тұрмас әрекет. Адам қорлану үшін емес, бақытты болу үшін жаралған!

2. Әлемге көмек. Өзіңді жетілдірумен бол, бар талабыңды іске қос, жаныңдағыларға көмекке қолыңды соз. Әлемге көмектесу арқылы өзіңе көмектесіп жатсың.

3. Махаббат. Сүйіспеншілік пен мейірімділікті айналаңа көп шашқан сайын, өзің мен туыстарыңның өмір сүруі жеңілдей береді. Бұл қарапайым заң жамандықтан өте тез құтқарады! Әр адам баласы сүйе алады, айналаңа махаббат сыйла, сонда ол өміріңнің барлық саласында жақсылық боп қайтады.

4. Кездейсоқтық деген жоқ. Кездейсоқтық болмайды, айналамыздағы хаос дегеннің бәрі керемет жаратылыс! Барлық сөздерің мен істеріңнің салдары болатынын ұмытушы болма. Жақсылық жайғаныңда тепе-теңдік сақтауға тырыс!

5. Үнемі позитивті ойла. Егер санаңда үміт, сенім және махаббат қатар орналасатын болса – барша өмірің құлпырып, жайнап кетеді. Көңіл-күйің болмаса ісің өнбейді, онда мағына жоқ.

6. Сабырлы бол. Әрқашан сабырлы қалпыңнан айныма, сонда саған бақыттың өзі келеді!

7. Сене біл! Егер бәрі жақсы болады деп сенсең, шынымен солай болады. Иман - ең ұлы қозғаушы күш.

8. Жүрегіңе құлақ сал. Шындығында ішіңде барлық қызықтаған сұрақтардың жауабы бар, ең бастысы жүрегіңдегі әділдік пен мейірім үнін тыңдай білу керек.

9. Сені жақсы көреді. Қаншама зұлымдық істеп, ойланбастан тірлік істесең де, әрдайым кешірім алуға үміт бар. Не істесең де, қандай болсаң да, сені үнемі жақсы көретін күш бар.

10. Айналаңдағыларды талқылама. Басқаны талқыласаң - сені де талқылайды, біреуді алдасаң – сені де алдайды. Сондықтан барлығына даналықпен қараушы бол.

11. Ешкімді кінәлама. Барлық келген жамандыққа тек өзің кінәлісің, күнәлі ойлар, өкпе, ашу-ыза, дұрыс қабылданбаған шешімдер өміріңді жаман бағытқа айналдырып жібереді.

12. Жарқырап, гүлден! Жақсы ғұмыр кешуге барлық мүмкіншілігің бар. Өмірде негізі, біз ойлағандай көп нәрсе керек емес.

13. Мейірімді бол. Залым деп есептеген адамды аяп, оған күлімдей біл, қатал адам көрсең - оған ұқсамауға тырыс.

14. Үздіксіз өзіңді жетілдірумен бол. Егер өсіп-өнбесең өзіңе зиян. Тоқтап қалдым дегенше, кері кетесің, басыңа бақытсыздық келе береді.

15. «Қай тірлігім үшін?»-деп емес, «Бұл не үшін болып жатыр?»-деп сұра. Көрегендік, немесе болжағыштық қалғымайды, басыңда болып жатқан нәрселер тегіннен тегін болып жатқан жоқ.

Барлық ауыртпалық пен қиындықтар – сені жақсартатын сабақтар. Түк шығар жол жоқ деп қиналған сәтте, иман мүлде ойламаған керемет нәрселер істейді. Осы кеңестерге мән бер, сонда бақыт өміріңді құлпыртып жібереді!

ғаламтордан

аударған Жүрсін Кәрім

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс