Құбыла сағаты – құбыланы Күн арқылы анықтауға болатын сағат. Яғни Күннің тұрған жеріміздің құбыла жақ бұрышына немесе белгілі бір бұрыш айырмасына тура келетін уақыт. Астана, Еуропа елдері, Aфрика және Tүркі елдері мен Аустралияның Перт қаласында қаланың сол күнгі құбыла сағаты уақытында Күнге қарап тұрған адам құбылаға бет бұрады.
Құбыла сағаты намаз уақыттары тәрізді күн сайын өзгереді.
Құбыла сағаты тек аты аталған қала үшін нақты.
Әлдебір жерден құбыланы былай анықтайды: кімде-кім сол күннің күнтізбесінде өзі тұрған қаланың намаз уақыттары кестесінің соңғы бағанындағы “Құбыла сағаты” (Құбыла с.) уақытында Күн тұрған жаққа бұрылса, құбылаға жүз бергені.
Жабық жерде болса, мәселен, күн түсетін терезенің тік жақтауының жерге түскен көлеңкесі “Құбыла сағаты” (Құбыла с.) уақытында құбыла бағытты көрсетеді. Осы бағыт белгіленеді және ең тиімді әрі дұрыс үлгіде құбыла жақ анықталады.
Дүние құбыла күндері: Жер Күнді айналып тұрғанда 28 мамыр мен 16 шілде күндерінде Күннің түсуі (21 градус, 26 минут) Қағбаның тұсына (21 градус, 26 минут) тура келеді және Күн Қағба муаззаманың дәл үстінде тұрады.
Әлемнің көптеген елінде жергілікті уақытқа сай келетін үлгіде құбыла сағаты өзгергеннен бөлек, күндері өзгермегендіктен бұл күндер, яғни 28 мамыр мен 16 шілде күндері “Дүние құбыла күні” деп аталады.