ИСЛАМ ТЕҢДІК ДІНІ

ИСЛАМ ТЕҢДІК ДІНІ

1631
1 мин

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Mұсылмандар бір-біріне бауыр. Бірінің екіншісінен артықшылығы тек тақуалығы арқылы”. (Табарани, әл-Мұғжәм ул-Кәбир)

Исламда теңдік бірінші кезекте ғибадаттарда көрініс табады. Тіптен мұның бойға сіңіп, адам рухына орнығып, жетілуі, көркеюі, тұрақты жасауы үшін ғибадаттар парыз болған. Сол үшін адамның сенімі тек осы парызды орындау арқылы бекіп, соның арқасында сенімі толығады.

Яғни мүміндер мұсылмандықтың бірінші сөзі куәлік кәлимасымен біріне-бір тең болған адамдар. Куәлік кәлимасы барша мұсылманның жүрегіне егілген дән.

Одан кейін намаз келеді, бәрін сөзде, әрекетте, мақсат пен мүддеде біріктіреді. Әміршіден қайыршыға дейін бәрін Алланың құзырында жинап, бәріне ең шынайы теңдікті көрсетеді.

Сонан соң зекет бар. Зекет кедей-кепшіктің мұқтаждығын азайтып, олардың көңілін аулап, бай-кедей барша адамның молшылықта өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Одан кейін ораза келеді. Oл да аштықтың теңдігі, бұл ең бай мен ең кедей түгеліне тең дәрежеде қатысты. 

Сонан соң қажылық бар және ең басты теңдік осында байқалады. Қажылық жолдың соңы және хикметтің шыңы. Бұл жолдағы ең соңғы мақсат және ешбір заңда оған тең келер үлгі жоқ. 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс