КІШКЕНТАЙ ҒАНА СӘТТЕР – БҮКІЛ ҒҰМЫРДЫ ӨЗГЕРТЕ АЛАДЫ

КІШКЕНТАЙ ҒАНА СӘТТЕР – БҮКІЛ ҒҰМЫРДЫ ӨЗГЕРТЕ АЛАДЫ

321
3 мин
КІШКЕНТАЙ ҒАНА СӘТТЕР – БҮКІЛ ҒҰМЫРДЫ ӨЗГЕРТЕ АЛАДЫ

Бір әйел күлімсіреп маған жақындап:

– Ең арзан тырнақ бояуы қанша тұрады? – деп сұрады.

– Бес фунт, – деп жауап бердім.

Ол қуанып кетті, бір түс таңдады да, қуанышпен қарап:

– Мен бұл түсті бұрыннан ұнататынмын, – деді.

Күйеуін алыстан күтіп тұрды…

Ол келген бойда, әйел қуана бала сияқты айтып еді,

күйеуі суық жауап қатты:

– Бұл не сандырақ? Балаларға бірдеңе ал! Ақылды бол!

Әйелдің жүзі солып кетті, беті бозарып, тырнақ бояуына қарап:

– Рахмет, – деді ақырын ғана,

және жараспайтын үмітсіздікті сүйрете кете барды.

Күйеуінің қолында темекі қорабы бар еді…

Оны күн сайын сатып алатыны анық. 

2.

Қарт кісі маған мейіріммен қарап:

– Қызым үшін ең әдемі, ең қымбат затты көрсетші, – деді.

Мен оны алыстан шақырдым, ол ұялып келді.

Әкесі: – Қалағаныңды ал, қызым, – деді.

Қызы қарапайым далапты таңдады, жүзі нұрланып тұрды.

Әкесі: – Тағы не аласың? – деп қоймады.

Қызы тағы бір нәрсені әрең таңдады, ал әкесі тек оның қуанышын қалады.

Қызы зат үшін емес…

Әкесімен бірге болғаны үшін қуанды:

оның қасынан кетпейтін қолы,

құшағындай жылы үні үшін.

Бұл көрініс мені іштей жылатты…

Оларды көзбен ұзатып салдым.

3.

Сұлу бойжеткен кішкентай інісімен келді,

бетінде жара ізін жасыратын өнім іздеді.

Өкінішке орай, жарасымды рең табылмады.

Қыздың көңілі түсіп, көзінен мұң көрінді.

Інісі оған қарап сабырлы түрде:

– Сенің жүзің әдемі,

адамдар сен көргенді көрмейді,

олар жараны емес, сұлулықты көреді, – деді.

Қыз жымиып қойды… Інісінің сөзі жүрегін емдегендей болды.

Шынайы сөз – оның сенімін қайта оралтты.

4.

Жанында үш баласы бар ерлі-зайыпты келді,

оның бірі – сәби.

Әйелі бояуларға қарап тұрды,

күйеуі қолындағы сәбиді алып, демалуға мүмкіндік берді.

Екеуі бірге далап таңдады.

– Мынау ұнайды, – деді әйел.

– Ондайың бар. Қараңғылауын ал, – деді күйеуі.

– Менде бар деп ойламаймын, – деді ол.

Күйеуі сенімді түрде:

– Бар. Өткен жылы Лондоннан алғанбыз.

Есіңде ме? Сол кезде тапқаныңа қатты қуанып едің, – деді.

Әйелі күліп:

– Сен мен ұмытқанымды есіңде сақтапсың! – деді.

– Мен түсті емес… Сенің қуанышыңды есімде сақтадым, – деді ол.

ҚОРЫТЫНДЫ…?

Ер адамның қолында – әйелдің өмірін жарқырату да,

бір ауыз сөзбен сөндіру де бар.

* Бірінші ер адам бес фунтпен әйелін бақытты ете алар еді,

бірақ салқын сөзімен оның жүрегін жаралады.

* Әке – қызының жүрегіне ешкім толтыра алмайтын

махаббатты себеді.

* Аға – әпкесінің әлсіз сәтінде жылы сөзбен

оған ешкім жеңе алмайтын күш сыйлайды.

* Ұсақ-түйекке мән беретін күйеу,

әйелінің ұмытқанын есте сақтайтын,

оның жүрегінде «жылы естелік» бола алады.

Ол – отаны, қуанышы, сенімді жері.

Күтім… сосын күтім… және тағы да күтім.

Кішкентай ғана сәттер – бүкіл ғұмырды өзгерте алады.

Abdulakhad Smanov-тың фб парақшасынан

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс