Аллаға сенім білдіру және сабыр

Аллаға сенім білдіру және сабыр

1205
2 мин
Аллаға сенім білдіру және сабыр

Аллаға сенім білдіру – ислам дінінің негізгі парызы. Бір Аллаға сенім білдіру қағидасы – арабша «Лә илаһә ілла Ллаһ» (Алладан басқа құдірет жоқ) деген сөз. Құранның аяттарына бар ықыласымен назар салған әр адамның жан дүниесі ақиқаттың ақ жолына бастар жарықтың сәулесімен нұрланатыны – Құран сөзіндей шындық.

 Бірде сахабалардың бірі Мұхаммедтен:

«Ислам дегеніміз не?» - деп сұрапты. Сонда Пайғамбарымыз с.ғ.с. оған:

«Бұл - сөзіңнің тазалығы һәм көңілдің әрдайымғы, риясыздығы», - деп жауап береді. Сосын әлгі сахаба:

 «Ал дін дегеніміз не?» - деп сұрапты Мұхаммедтен. Оған Пайғамбар:

 «Дін дегеніміз – сабыр һәм ізгілікті ғамал», - дейді.

Осы хадистегі «Сабыр» (арабша: сабр) сөзінің мағынасын бір сөзбен айтып беруге болмайды. Өйткені оның мағынасы төмендегі үш тарапты сөзбен анықталады:

1) сабыр – асығыстық жасамау;

2) сабыр - шыдамды, табандылық, рухтың мықтылығы, тұрақтылық, ұстамдық, мақсатқа талпынушылық;

3) дін ілімі турасында сабыр – бой ұсыну, мысалы, ислам дінін толық мойындау. Осы мағыналарға орай айтсақ, сабыр – ақыл серігі болғандықтан, қазақ: «Сабыр түбі – сары алтын», «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деп тегін айтпаған ғой. Сондықтан Құран Кәрімде:

«Сабыр сақтау, өшпенділіктен аулақ болу – ең ізгі қасиет» [42,43] деп жазылған. Сондықтан да, Алла Тағала Құранда Мұхаммед Пайғамбарға: «Сен кәпірлердің сөзіне ашуланба, сабыр сақта», - деп әр кезде ескерту жасайды [38,17; 50,39].

Серік ЖАҚСЫБАЕВ,

 «Ғылым Құраннан басталады» мақаласынан үзінді

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс