Бүгін Шарбақты ауданында ауыл имамдарының кездесуі өтті. Шараның басты мақсаты – Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) 2025 жылға арналған жоспарларын басымдылық беріліп отырған төрт негізгі бағыттарын талқылау болды.
Жиынға Шарбақты ауданының бас имамы Исабек Ақжол, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абзал Молдақұсманұлы қатысты сонымен қоса ауданға қарасты барлық ауыл имамдары толықтай қатысты.
Кездесу ішкі саясат бөлімінің басшысы Абзал Молдақұсманұлы мырзаның сөзімен басталып, одан әрі Исабек Ақжол имам діни басқарманың жоспарларын таныстырып, имамдарға қойылатын нақты талаптарды түсіндірді.
Шараның соңында ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Наурызбайқажы Тағанұлының алғыс хатын Есілбай ауылы “Темірғалы” мешіті имамы Мәнап имамға табысталып, сәттілік тілеген жылы лебіздер айтылды. Сонымен қатар, аудан имамы өз атынан мешіт қызметкерлеріне, тазалықшыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар үлестірді.
Осы басқосу барысында барлық имамдарға алдағы маңызды шараларды жоғары деңгейде атқару, қасиетті Рамазан айын берекелі өткізу және ҚМДБ белгілеген талаптарды толық орындау жөнінде тапсырмалар берілді.
Шарбақты ауданы “Қызыр” мешіт







