РАНТ МҮШЕСІ АХМЕТОВ МӘДИ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА

РАНТ МҮШЕСІ АХМЕТОВ МӘДИ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА

304
1 мин
РАНТ МҮШЕСІ АХМЕТОВ МӘДИ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА

ҚМДБ-ның РАНТ- ы мүшесі, Алматы қаласы, Алатау ауданы «Мырзахмет» мешітінің бас имамы Ахметов Мәди Айдарханұлы   2025 ж 23-24 қазан аралығы арнайы іс сапармен Павлодар облысына келді.

Сапардың алғашқы күні Павлодар қаласында орналасқан №63 және №46 түзету мекемелерінде болып жазасын өтеушілерге «Пайғамбарлар сипаты», «Дін мен дәстүр» тақырыптарында уағыз-насихат айтып, сұрақтарға жауап берді.

Келесі күні қалалық «Ақмешіт» мешітінде жамағатқа «Білім алудың маңыздылығы» жайында насихат айтса, ақшам намазы уақытында Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінде шәкірттерге «Білімді ұрпақ - ел болашағы» тақырыбында салихалы сұхбат өткізді.

Қасиетті жұма күні Ақсу қаласында болып, қалалық мешітінің жамағатына «Тәуелсіздік ең қымбат қазына» тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Осы күні кешке Екібастұз қалалық мешітінде болып «Намаз - діннің тірегі» тақырыбында насихаттар айтты.

Әр кездесу соңында жамағат ұстаздың уағызынан рухани серпіліс алғандарын айтып, алғыстарын білдірді. Айта кетейік, екі күндік ақпараттық насихат жұмысына барлығы 500ге жуық адам қатысты.

1.jpeg

3.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

9.jpeg

ф.jpeg

2222.jpg

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс