ҚМДБ-ның РАНТ- ы мүшесі, Алматы қаласы, Алатау ауданы «Мырзахмет» мешітінің бас имамы Ахметов Мәди Айдарханұлы 2025 ж 23-24 қазан аралығы арнайы іс сапармен Павлодар облысына келді.
Сапардың алғашқы күні Павлодар қаласында орналасқан №63 және №46 түзету мекемелерінде болып жазасын өтеушілерге «Пайғамбарлар сипаты», «Дін мен дәстүр» тақырыптарында уағыз-насихат айтып, сұрақтарға жауап берді.
Келесі күні қалалық «Ақмешіт» мешітінде жамағатқа «Білім алудың маңыздылығы» жайында насихат айтса, ақшам намазы уақытында Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінде шәкірттерге «Білімді ұрпақ - ел болашағы» тақырыбында салихалы сұхбат өткізді.
Қасиетті жұма күні Ақсу қаласында болып, қалалық мешітінің жамағатына «Тәуелсіздік ең қымбат қазына» тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Осы күні кешке Екібастұз қалалық мешітінде болып «Намаз - діннің тірегі» тақырыбында насихаттар айтты.
Әр кездесу соңында жамағат ұстаздың уағызынан рухани серпіліс алғандарын айтып, алғыстарын білдірді. Айта кетейік, екі күндік ақпараттық насихат жұмысына барлығы 500ге жуық адам қатысты.

