Ертіс ауданы «Ержан» мешітінде ҚМДБ-ның "ҚҰРАН ӘЛІППЕСІ" діни оқу бағдарламасы бойынша сауат ашу курсына қатысып, белгілі бір деңгейді меңгерген талапты шәкірттер марапатталды.
Олар; Құранның 29 - парасын жаттап алғаны үшін Алдияр Сапарғали, 30 - параны жаттап алғаны үшін Әбдулхаким Арынғазы бағалы сыйлыққа ие болса, 30-параны жаттап алып, оқу мәнерімен ерекшеленген Алшын Омар Олжасұлы арнайы сертификат және велосипедпен марапатталды.
Ал сауат ашу курсынан білім алып, 40 хадис шәрифті жаттап алған Мансур Төлешт бағалы сыйлықпен марапатталды.


