Павлодар облысы бойынша Республикалық ХШ Құран жарысына іріктеу сайысы Ақтоғай ауданы, «Жандарбек» мешітінде өткізілді. Сайысқа Павлодар облысына қарасты қалалық және аудандық мешіттерден 20-ға жуық шәкірттер мен үміткерлер қатысып, мәнерлеп оқудан бақтарын сынады.
Іріктеу сайысының нәтижесінде Мұратов Әлихан-Бас жүлдені қанжығасына байласа, бірінші орынды Ақбас Нұрислам Юсупұлы, екінші орынды Серікбаев Бекзат, үшінші орынды Әмірәлиев Ержан-дар иеленді.
Бас жүлде иеленген Мұратов Әлихан алдағы Республикалық Құран жарысында мәнерлеп оқудан Павлодар облысының намысын қорғайтын болады.
Орын иеленген шәкірттер мен қатысушыларға ақшалай сыйлықтар мен естелік бұйымдарп тарту етілді.






